Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары



бет136/159
Дата23.12.2021
өлшемі344,98 Kb.
#127989
түріЛекция
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.

1. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.

Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.

2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудың құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі.

3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.

4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.

Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет