Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Семинар 2. Қазақстандағы орталық банктер



бет78/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Семинар 2. Қазақстандағы орталық банктер.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша, қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Оталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізігі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әртүрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

ҚР Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мемлекеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейдегі банк, өз қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар, Ұлттық банк өз қызметінде ҚР Конституциясын және басқа заңдары, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелермен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқы бар. Өз жұмысын Үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банкінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға, араласуғы құқы жоқ.

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктік құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа да қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байлансты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады. Пайданың жарғылық резервін және басқа да қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет