Ішкі істер органдары. ІІО-ң құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 ж. 21 желтоқсандағы “ҚР Ішкі істер органдары туралы” заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Заң бойынша ІІО-ң міндеттері мыналар:
жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;
қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қылмысқа қарсы күресу;
өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау;
жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған жүргізушілер мен автотехника құралдарынпайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру т.с.с.