ЛЕКЦИЯ 16
РАДИОЖИІЛІКТІ КҮШЕЙТКІШТЕР
Радиожиілікті күшейткіш (РЖК) дегеніміз спектрдің өзгеруісіз, өзінің жиіліктерінде қабылданушы сигналдардың күшеюін іске асыратын РҚҚ-ның каскады.
РЖК қызметтері:
РЖК шығыс тізбектен кейін орналасқандықтан РҚҚ-ның бірінші каскады болып табылады. РЖК кіріс сигналының кіші амплитудаларында жұмыс істейді. РЖК-ның жүктемесі – ол келесі каскад немесе жиілік түрлендіргіш болып табылады. РЖК-тің құрылымдық схемасының құрамына келесі құрылғылар кіреді:
УП –күшейткіш аспап, қоректену көзінен ИП жүктемеге кіріс сигналының параметрлерінің өзгеру заңына сай энергияның келуін реттеу үшін арналған.
МЦ – каскад аралық тізбек. Сигнал энергиясының УП-дан жүктемеге тарату үшін, қажетті өткізу жолағын және таңдаушылықты және УП-ның шығыс өткізгішін жүктеменің кіріс өткізгішімен келістіру үшін, сигналдың максималды күшеюін алу үшін арналған.
ИЦ – таңдамалы тізбек. Қажетті таңдаушылықты және өткізу жолағын қамтамасыз етуге арналған.
m1 және m2 – байланыс схемалары. Көршілес каскадтардың шунттық әрекетін әлсіздету үшін және максималды күшейту коэффициентін алу мақсатында, оларды ИЦ-мен келістіру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |