Қоршағаи ортаның экологиялық факторлары Экологиялық факторлар - тірі организмдерге олардын дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса, факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль -атқарса, ал тұщы организмдер үшін қажеті шамалы.
Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:
1. Абиотикалық факторлар- олі табиғаттың әсері (климат, температура, ьшғалдылық, жарық жөне т.б.)
2. Биотикалық факторлар - тірі организмдердің өзара әсері.
3. Антропогенді факторлар - адамның әр түрлі іс-әрекетінің әсерлері.
а) абиотикалық факторларға тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсерін тигізетін бейорганикалық табиғаттың құбылыстары мен құрамды (тіршіліксіз) бөліктері жатады. Ортаның абиотикалык факторлары Жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін анықтайды, олардың таби физикалық және химиялыққа жатады.
Абиотикалық факторлар климаттық, эдафиялық, гидрографиялық болып бөлінеді. Мысалы: климаттық факторлар жердің бетіне күн энергиясыныц келу ерекшеліктерінен, ауа массаларының айналасынан, жылу мен ылғалдың теңдесуінен,атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық элементтерден тұратын факторларды айтады (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);
Эдафикалық фактор - топырақтың әсері (химиялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері);
Гидрологиялық факторлар (судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.) жер бедерінің әсері.
ө) биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Биотикалық факторларға тірі организмдердің ортаға тікелей не аралық ықпалын тигізетін факторлар тобы жатады. Биотикалық факторлар дегеніміз бір организм тіршілігінің екінші организм тіршілігіне, сондай-ақ өлі мекен ортасына тигізетін әсер ықпалының жиынтығы. Биоталық факторларға зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері), микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер (фитонцидтер) газ тәрізді заттар бөліп шығарады, ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңыраукұлақтар) жойғыш әсер етуімен қатар табиғи ортаны сауықтырады және тұрақтандырады. Ал неше түрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдіктердің жұқпалы ауруларын кең таратады.
б) антропогенді факторларды биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропогендік факторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды.
3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал басқа факторлар оның қалыпты тішілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химгі Ю.Либих (1948ж.) ашқан. Оны «Минимум заңы» дейді. «Минимум» заңының өмірде практикалық маңызы зор.
Өйткені, организмдердің ең кажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі - организмдердің факорларға деген талғамының шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.
Зат алмасу процесінде көпшілік жануарлар үшін оттегінің ролі өте зор. Ол тыныс алуға қатысады.
Ересек адамдардың қанында гемоглобиндік байланысқан оттегінің мөлшері 1 метрге дейін болады. Гемоглобин көмегімен О2 тканьдерге таралады және сіңеді.
Жануарлар үшін О2 тіршілік үшін қажетті негізгі зат. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, одан жануарлардың әртүрлі мекен ету орталарына таралуы тәуелді. О2 таралуы: Ауадағы оттегі, топырақтағы О2, таяз судағы О2, теңіз О2-сі, паразиттердегі О2.
Температура мен ылғалдылықтың әсер етуі. Антрактиканың шөлді мұзында to -ра -88°С дейін төмендесе, Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде +58°С дейін көтеріледі. Орталық Европаның ормандарында оңтүстік жағында ыстық жазда 40°С дейін жетсе, солтүстік жағында 20°С дейін барады. Жердің барлық жерінде тіршілік таралған. Бірақ бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі to-ра диапазоның көтеруі мүмкін емес. Сондықтан кез - келген жануарлардың таралуы мекен еткен жерімен шектеледі, сол температурамен бейімделеді.
Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлар деп аталады.
Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды.
Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте төзімді жануарлар эвритермдік, ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.
Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері - Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі шарты. Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері су ерітіндісінде жүреді.
Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы судан тұрады. Мысалы: үй жануарларының 59%, адам денесі 64%, үлу 70%, балықтарда 75% және жоғары, медузаларда 99% т. б.
Көптеген жануарларда ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организмдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.
Август Тинеманн деген биологтың айтуынша «космостық шырмалымға» барлық тірілер кіреді және соған бағынышты. Тіршілік көзі- күн сәулесі.
Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.
Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптаскан. Мысалы: Инфузорийлер суды жұта отырып, оны сүзеді де өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.
Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
1) Қоректену немесе трофикалық байланыс.
2) Топикалық байланыс - (грекше топос -орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.
3) Форикалық (латынша форас - сыртта) – бұл байланыс бір ағзаның басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.