Мақатаев Мұқағали(Мақаметқали) Сүлейменұлы (9.2. 1931, Алматы обл. Райымбек ауд. Қарасаз а. - 27.3.1976, Алматы) - ақын. Әкесi соғыста қаза тауып, анасы мен әжесiнің тәрьиесінде өстi. Мұқағали шығармағының дiнi “өзiн-өзi” зерттеуден тұрады. М-тың медитативтi лирикасындағы лирик. Мен - өзiн-өзi iздеген, өмiр мен өлiм, адам мен қоғам ғаламнан үйлесiмдiлiк iздеп шарқ ұрған, толассыз iзденiстегi пәлсапашыл. Мұқағали шығармаларында философиялық тереңдiк, адамның психологиялық жан күйзелiсiн суреттеу, медитация басым. “Өмiрдастан” атты топтамалы толғауында жесiр жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмiрi мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленiс арқылы шебер жеткiзiлген. М-тың шеберлiгi өзi өмiрден көрген- білгенін көңiл елегiнен өткiзе терең жеткiзуiнде. Қ. Баянбаев қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлестер қосқан жазушыларымыздың бірі. Олбалаларға арнап көптеген шығармалар жазған. Қ. Баянбаевтың шығармалары балалардың ой-сезімін оятып оларды еңбек сүйгіштікке, бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, қайрымдылылыққа баулиды. Қазақ халқының ақыны, аяулы перзенті Қасым Аманжолов та дәл осындай шаш ал десе,бас алатын қаңқасап заманның тұсына тура келсе де, бірақ бар кездің бәрінде замана ағымының ыңғайымен жүре бермей, қайсар таланттың қаламынан отты жыр туғанын білеміз.
Соны ол өз сөзімен де пәтуалап: «Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда», - деп ашық айтады.
Ал ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып, әр ұрпақтың кіндік қаны тамған туған жердің тұтастығы, елінің елдігі мен ар – намысының жыртысын жыртып, арпаласып өткен ақын – жыраулар поэзиясының қайсар да, қайратты да рухы қас жүйрік Қасым ақынның ақберен жырларынан қайта көрініс тапты. Ол поэзиядағы сұлулық пен сезімнің кір шалмаған шынайы тазалығын, ойдың әрі соны, әрі теерңдігін, қазақ жырының рухын тағы бір биік белеске көтеріп тастады. Қасым поэзиясын, тіпті, оның, жасыратынын жоқ, өкініші мен өксігі мол өмірін оймен шолып отырып, осы бір өлең – ғұмырдың бұлт жамылып, қар төсенген қанды майдан тақырыбына арналған, бір жағынан, дұшпанға деген ашу – ызаға, бір жағынан, ертеңгі күнге деген үзілмес үмітке толы жалынды жырларын қай кезең, қай заманда да көзге ілмей, орағытып өту мүмкін емес еді ғой. Отан үшін жаумен жағаласқа, жанталасқа түскен жауынгер бейнесін, оның аппақ пәкизат арманы мен үрзада сезімінің серпіліс, сілкінісін таза ла табиғи қалпында дәл Қасымша қапысыз суреттеген ақындар қазақ әдебиетінде кем де кем.
Тұманбай Молдағалиев – таланты ерте танылған ақындардың бірі. Елуінші жылдардың орта кезінен күнделікті баспасөз бетінде жариялана бастаған оның өлеңдері оқырмандарды селт еткізіп, бірден әдебиет сүйер қауымды өзіне баурап алды. Оның себебі, Тұманбай өлеңдерінің адам сезімін, оның көңіл – күйін, жастықтың құпия сырын шынайы бейнелеуімен байланысты еді. Бір кездерде, жеке адамға табыну тұсында, өлеңді тек саясатқа құрып, науқандық стерге үгіт есебінде көбірек пайдала нғанымыз бүгін жасырын емес. Адамның ішкі сезім күйіне, махаббат тақырыбына аракідік болса да барған ақындарымыздың төбесінен жұдырық кетпеді. Осыдан барып шын лирика, адамның рухани тіршілігін, жеке жасының қуаныш – сүйінішін, сүйіспеншілік сезімдерін, туған табиғатымен сырластығын жан – жақты бейнелейтін туындылар тым аазйып кетті. Адам еркін тежеген ойындағың ды еркін, ашып айта алмайтын осы бір тұста әдебиетке келді де, өзінен бұрынғы ұрпақтың бойына сіңген тежеуге ілікпей, адам ырқына ғана тән еркін ойды, ашық, бүкпесіз сөзді айтты. Жастығын, махаббатын, туған елінің табиғатын, көктемін жырлады. Осындай жағдайда шын сезімді, адамның көкейін жарып өтетін сүйіспеншілік сырын аңсап отырған қауым, әсіресе, ақынның өзі сияқты еркін ойлап, еркін сөйлеуге ұмтылған оның құрбы буыны Тұманбай өлеңдерін ду көтеріп әкетті. Ол әдебиетке осылай жастықтың, махаббаттың, көктемнің жыршысы болып енді.
Ақын өмірдің әр қилы қиыншылыктарына кездессе де, өлеңін арашаға салады. Шипаны да, жанына дауаны да өлеңнен табады.
Бір, ай өлең жаза алмай кеткен кездегі өлеңмен сағынысып көрі-суін Тұманбай «Ей, өлең» атты өлеңінде тамаша суреттеген.
Ей, елен, табыспағалы, алыстағалы ай болды,
Аққуым менің, мекендеп жүрсің қай көлді?
Ішімде менің армандар өлді жап-жас боп,
Ішімде менің куаныш өлді, қайғы өлді.
Ей, өлең, жарыспағалыжарқылдап көктің төсінде
Жаз да етіп қапты, ауыпты емір бесінге.
Мұңды жанармен қарап тұрғаның есімде,
Алдымнан шығып айлы бір жаздың кешінде.
Бақылау сұрақтары:
1. Т.Молдағалиевтің өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
2. Қ. Аманжолов поэзиясының балалар әдебиетіндегі алатын орны.
15 апта(1)
Лекция – №29-30
Тақырыбы: Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығар-малары: Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Л.Толстой, А.Чехов, Э.Хемингуэй, Х.Андерсен, Р.Киплинг т.б. Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері
Жоспар:
1. Әлем халықтарының озық шығармалары.
2. Балалар әдебиетінің жанр жағынан өзгеріс табуы.
3. Шетел балалар жазушылары туралы мағлұмат.
Әдебиеттер:
1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.
2.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.
3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – А., 1976ж.
4.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.
Орыс халқының ауыз әдебиеті, ертеден қалыптасқан. Орыс балалар фольклоры бірнеше түрге бөлінеді. А.Пушкиннің балаларға арнап жазған ертегілерінің тәрбиелілік мәні мол.Сонымен қатар орыс жазушысы Л.Толстой, И.Тургенов балаларға арнап даналық мазмұны мол мұралар қалдырды
Балалардың оқитын туындылары халық ертегілері. Мұнда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, әдет - ғұрыпы, кәсібі, мәдениті жөніндегі мәліметтер аса көркем, әдемі түрде, халыққа тән шеберлікпен жеткізіледі. Ертегілерде баяндалатын ғажайып, фантастикалық оқиғалар балалардың ойын қозғап, оларға өмірдің сан алуан жақтарын көрсетеді, қиялдардын ұштайды.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйіт - кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс - қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, құлығымен балаларды таң - тамаша қалдырады.
Балаларды ертегілермен таныстыру кезінде оқу материалдары белгілі бір жүйемен, тиісті мөлшерде бірте-бірте берілген жағдайда ғана оқитының қызығушылығы оянып, ол өз бетімен оқи білуге жағдай туындайды.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптың, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабақтардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалыры да әр алуан келеді. Ертегілермен таныстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі - халық өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таратылып, ұзақ ғасырлар бойында толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрде ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді» - дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып төмендегідей сұрақтар қояды.
1. Орыс әдебиеті сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?
2. Солардың ішінде қиял – ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелінген? - деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді.
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелінген? - деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитын шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.
А.С.Пушкиннің «Сұлтан патша туралы», «Балықшы мен алтын балық туралы» ертегісін естеріне түсіріп олардың орыс фольклорының негізінде жазылғандығын айтып бере алады.
Бақылау сұрақтары:
Әлем халықтары шығармаларының бала тәрбиесіне әсері.