Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет17/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Сензитивті (VI). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болғандар өз сәтсіздіктеріне тым терең әсерленіп, тез ренжиді, кінәні өз мойнына алып, оған депрессивті реакция берулері жиі болады. Сыныптастарымен қарым-қатынаста олар келісім позицияны ұстанады, жетекшілікке ұмтылмайды, сыныпта өзін күшті жеке тұлға ретінде сезінеді, мұғалімдерден, ата-аналардан қолдау іздейді және оларды қорған тұтады. Оқуда ұқыпты және жауапкершілікпен қарайды, емтихан кезінде қатты мазасызданып, төмен баға алса оған жаны күйзеледі. Олар дөрекілікке, әділеттсіздікке қатты ренжіп, ондай жағдайлар орын алғанда қатты қиналып, күзеліске түседі. Шытырман және даулы жағдайларда олар суицидті тенденциядан және ұзаққа созылған депрессивті реакциялардан қорқады. Оқу процесінде олар кебінесе гуманитарлық ғылымдарға бейімделеді. Оларға тіл мен әдебиетті тереңірек меңгерткен дұрыс, өйткені оларды лирика, поэзия тартады, ал математика мен физикаға сирегірек икемдік білдіреді. Мұндай типтегілер достықта, махаббатта тұрақты және балаларға аяушылық білдіріп, қорғап жүреді, оларға басқалар сенім артады.
Мазасызданғыш (VII). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған балада мынадай мінез ерекшеліктері басым болады: жасқаншақ, күмәнданғыш, қорқақ, негізсіз үрйленуге әуес, жауапкершілік сезімі жоғары дамыған, ішкі қажеттілігі орта. Мұндай типтегі оқушылар әдетте тапсырманы уақытында орындайды, дегенмен ата-аналар мен мұғалімдер алдында жөнсіз урейленіп төмен баға алады, жазалану қорқынышы жоғары, себепсіз уайымға бөленеді, бақылау жұмыстары мен емтихан алдында өте қатты кұйзеледі. Достарына өте адал, олар үшін жанын береді. Олар дербестікке құмар емес, үлкендерге - ата-аналарына, мұғалімне, жетекшілеріне арқа сүйейді, яғни өздерінің ренжігенін, басқалардың өзін жамандағанын шағымданып, оларға айтып беруді унатады. Мұндай типтегілер қыздардың арасында сирегірек кездеседі. Бұл типтегі ұл балалар «сыпайы», «тәрбиелі», «сабырлы» көріністе болып жүреді.
Лабильді (VIII) Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары балаларда (лабильді, қозғалмалы, икемделгіш) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрініс береді. Бұл балалардың көңіл-күйі айнымалы, жеңіл өзгереді - қуанышты күйден көңілсіздікке тез алмасады. Қамығу реакциясы былай сипатталады: беті қызарады, бас ауыруы пайда болады, тамыры жиі соғып, дене қызуы көтеріледі, кейде қалшылдап дірілдеп есінен танып қалады, тітіркенеді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады. Олар мектепте өз бетінше ән салумен, өлеңдер оқумен, би билеумен қуана-қуана шұғылданады. Олардың мінез-құлқы көп жағдайда еліктеушілікке басым, кез келген әлеуметтік рольдерді тез меңгереді. Мұндай типтегі жеке тұлғалар атақ-даңққа құмар болғандықтан олардан жақсы артистер, әсіресе спорттың әр түріне икем балалар жиі кездеседі. Олар тәртіпті және ер жүрек, батыр болып өседі. Сонымен қатар поэзияға жақын, аяныш жанды болып келетіндері, нақты ғылымдар бойынша білімді жақсы меңгеруге икемдері жиі кездеседі. Ал дау-дамайда қатыгездік элементтері пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет