Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Лабораториялық тексерулер



бет70/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Лабораториялық тексерулер: Жалпы қан анализінде ЭТЖ жоғары көтерілуі мүмкін, лейкоцитоз, нейтрофиллез, эозинофиллез анықталады. Тромбоцитоз тән. Өткір кезеңде гиперкоагуляция, иммуноглобулин мөлшері жоғары, IgA, E фракциясы жоғарылайды. Бүйрек зақымданғанда зәрде гематурия және протеинурия анықталады. 3-5% науқастарды ауру созылмалы түрге айналады, әсіресе тері-буын түрі қайталанады.
Емі. Жедел кезеңде төсек режимі тағайындалады, салқын тигізуден сақ болу керек. Аллергия тудыратын тағамдар (шоколад, цитрустар, какао, құлпынай), антибиотиктер, витаминдер (аскорбин қышқылы, рутин) берілмейді. Геморрагиялық аурудың негізгі еміне тері астына және көктамырға гепарин салу жатады. Тәуліктік дозасы 150-300 Б/кг салмағына есептеліп, күніне 4 рет қабылданады. Көктамырға реполиглюкин, реомакродекс (150-400 мл 1 минутта 10-15 тамшы). Трентал 200 мл натрий хлорид ерітіндісімен бірге тәулігіне 5-10 мг/кг салмағына тағайындалады. Абдоминальды синдромда науқасты педиатр және хирург қатар бақылайды. Қабыну компонентінде және бүйрек синдромында қысқа уақытта преднизолон (15-20 мг/кг тәулігіне) гепаринмен қосып беріледі. Диспансерлік қадағалау: Ауруханадан шыққаннан кейін науқас диспансерлік бақылауда болады. Аурудың қайталануының алдын алу үшін созылмалы инфекция ошақтарын емдейді, дегельминтизация, шынықтыру шаралары жүргізіледі, аллергия тудыратын тағамдарды бермей, науқасты рациональды тамақтандыру керек. Ем өз уақытында жүргізіліп, асқынулар болмаса ем нәтижелі.


Қан кету кезінде шұғыл көмек көрсету
Қан аурулары бар науқас күтімі.
Қан ауруларымен ауыратын және қан кету белгісі бар науқастар мейірбике бақылауында болады және қатаң төсек режимі тағайындалады. Науқас палатада тамақтанады. Науқастың өз бетінше қозғалуы дәрігердің рұқсатымен жүзеге асырылады. Функциональдық кабинеттерге науқасты каталкамен апарады. Науқас тайып құламауы үшін, бөлме еденін ылғалды тазалау кезінде құғатып сүрту қажет (гемофилия науқастарында буынға қан құйылулар, тромбоцитопениялық қан талау бөртпесінде ішкі мүшелерге қан құйылулар болуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет