Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет8/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

3 кезең – емшек жасындағы кезең (1 жасқа дейінгі балалар жатады). Бұл кезеңде баланың ас қорыту органдарының жетіспеушілігі, ал асқазан сөлінің қышқылының төмен болуынан әртүрлі ішек ауруларына, фондық ауруларына – рахит, анемия, салмақ жетіспеушілікке шалдығуы мүмкін. Баланың салмағы 3 есе, ұзындығы 25 см-ге, бас айналымы 13-15 см өседі. Бұл кезеңде
Баланың нерв жүйесінің психикалық өсіп дамуы мына белгілерімен сипатталады:
1 айлығында – бала ашық түсті заттарға көз қарасын тоқтатады, басын бірнеше минут тіке жағдайда ұстай алады.
2 айлығында - қозғалған заттарға қарайды, мойыннын ұстап басын көтеруге ыңғайланады
3 айлығында – ішінен жатып басын көтереді, аударылады, ойыншыққа қолын созады, анасын таниды, гуілдейді
4 айлығында - арқасынан жанына аударылады, адамдарды жатырқайды
5 айлығында – арқасынан ішіне аударылады, отыра бастайды, ойыншықтарды жақсы ұстайды, аузына апарады
6 айлығында – ішінен арқасына аударылады, жақсы отырады, еңбектенуге талпынады, аузынан буын сөздер шығады «ма», «ба».
7 айлығында - өзі отырады, заттарды өзі алып көтереді, аузына апарды
8 айлығында – еңбектейді, жардан ұстап тұра алады
9 айлығында – жардан ұстап өзі тұрады уақ нәрселерді жинайды
10 айлығында – шкафтың есіктерін ашып жабады
11-12 айлығында - өздігінен тұрады, қолдан ұстап жүреді, еңкейеді. Өздігінен жүре бастайды.
4 кезең – сүт тістер кезеңі.
1 жастан 3 жасқа дейін – мектепке дейін 1-ші кезең (ясельный)
3 жастан 7 жасқа дейін – мектепке дейін 2-ші кезең (дошкольный)
Баланың физикалық психикалық дамуы арта түседі. Бала ойынға әуес болады, сөздері көбейеді, сөйлем құрайды. 5-6 жаста сүт тістері түсе бастайды, жақсы жаттайды, ойын ойнайды, би билейді, естіген ертегілерін айта алады (эмоционалдық жағы, интелектуалдық күшейеді), түсінеді. Бұл кезеңге тән аурулар – созылмалы тонзилит, балалардың жұқпалы аурулары (қызамық, желшешек, мысқыл және т.б) яғни ауруға қарсы тұратын иммунитеті жойылады, балалардың бір-біріне қатысу жолында жұғады.
5 кезең – төменгі мектеп жасындағы балалар 7-12 жас. Бұл кезеңде орталық нерв жүйесінің дамуы, физикалық дамуы одан әрі дамиды. Бұл кезеңге тән аурулар – ревматизм, гломерулонефрит, созылмалы бронхит, демікпе, гепатохолецистит.
6 кезең – пубертаттық кезең (13-18 жасқа дейін). Бұл кезең гармондық бетбұрысқа байланысты. Бет әлпеті өзгеріп, екінші жыныстық белгілері пайда болады. Осы кезеңде балаларда вегетоневроз, жүрек аурулары жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет