1. Бірінші рет анықталған қант диабетінің тәуліктік дозасы 0,3 – 0,5 ЕД/кг
2. Ұзақ ауыратындарға тәуліктік дозасы 0,7 – 0,8 ЕД/кг.
Инсулин тері астына енгізіледі. Енгізу режимінің 3 типі бар:
- базисті-болюсті режим (көп реттік инъекциямен енгізу)
- базальды режим (орташа әрекетті, помполық терапияда ультрақысқа әрекетті препараттар пайдаланылады)
- болюсті режим (қысқа және ультрақысқа әрекетті препараттар) тамақтану кезіне немесе коррекция үшін.
Балалар мен жасөспірімдер үшін оптимальды жолы инсулин помпасы- үздіксіз тері астына инсулинді енгізу. Инсулиннің бір түрі қолданылады, негізінен тез әрекетті, 2 режимде базисті және болюсті беріледі. Инсулин помпаларында глюкозаны үздіксіз мониторингілеу функциясы бар. Пациент помпа дисплейінде нақты уақыттағы глюкоза мөлшерін көріп отыра алады және қандағы қант мөлшерінің критикалық деңгейі кезінде сигналды естейді.
Күтімі: 1. Ауру балалардың диетасын және тамақ режимін сақтау.
2.Гигиеналық режим сақтау.
3.Баланың көңіл күйінің жақсы болуын қадағалау.
4.Ауыр түрдегі диабетпен ауыратын балаларға қосымша демалыс күнін беру,бұл күні көп таза ауада серуендеуін қадағалау.
5.Дене тәрбиесі сабағында әдейі топта шұғылдану.
6.Профилактикалық егулерден босату. Бұл егулер тек эпидемия кезінде өткізіледі.
Диспансерлеу: Қант диабетімен ауыратын балалар дәрігер педиатр мен эндокринологтың диспансерлік есебінде тұрады: ай сайын дәрігерге көрінеді, жұмасына 1 рет қант пен ацетонды айқындау үшін зәрін анализге өткізеді, айға 1 рет қант мөлшерін айқындау үшін қанның биохимиялық анализін өткізеді, 3айда бір рет окулист пен фтизиатордың бақылауынан өтеді, жылға 2рет инсулин дозасын реттеу үшін ауруханаға жатқызылады. Ауру балаларда инсулин дозасы көрсетілген «диабетиктер паспорты» болуы керек.
Профилактика: Диабетпен ауырғандарды неғұрлым ерте анықтау үшін « қауіп –қатер» группасы бөліп шығарылады:
1.Туғанда салмақтары 4,5 кг артық болған балалар.
2.Әке- шешесі диабетпен ауыратын балалар.
3.Артық салмағы бар балалар.
Бұл балалардың тамағы бәсең болуы керек, оларды психикалық және күш стрестерінен, жұқпалы аурулар сақтау керек.