Этиологиясы мен патогенезі. Туберкулез ауруының қоздырғышы микобактериялар, 1882 жылы неміс ғалымы Кох ашқан. Бактериялар адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдары арқылы, асқорыту жолдары және тері арқылы енеді. Инфекция көзі ауру адам, сонымен бірге сүт, қақырық, зәр және нәжіс арқылы сыртқы ортаға бактерияларды бөлетін жануарлар (ірі қара, қой, ешкі, түйе, шошқа, ит, мысық) жатады.
Кох таяқшалары сыртқы қоршаған ортада өте төзімді. Микобактериялар тек тіке күн сәулесі әсерінен және қайнату кезінде ғана өледі.
.
Жіктелуі:
1. Туберкулез интоксикациясы
2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі
3. Басқа ағзалардың туберкулезі
Егер отбасында туберкулездің ашық формасымен ауыратын адам болса, балада тамақтану жеткіліксіздігі, АИТВ/ЖИТС болса, немесе бала соңғы бірнеше айда қызылшамен ауырса, туберкулез қаупі жоғарылай түседі.
Балада келесі белгілер анықталса туберкулезге күдіктеніңіз:
Анамнезінде:
- Түсініксіз салмақ жоғалту немесе дамудың тежелуі;
- Түсініксіз дене қызбасы, әсіресе 2 аптадан ұзақ уақытқа созылған;
- Демікпелік тыныс алумен немесе созылмалы жөтел (яғни 30 күннен асқан жөтел);
- Өкпе туберкулезінің ашық формасымен ауыратын (немесе осы ауруға күдікті) үлкен адаммен қатынас.
Туберкулез интоксикациясы - ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір ағзаға жоғарыланып үлгермеген, яғни «вираж» кезінде байқалады. Клиникасы баланың жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен сипатталады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфебрильді температура байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз, эозинофилез, моноцитоз, лимфопения анықталады. Аталған белілер 1-4 айға дейін созылады, дер кезінде анықталып ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе туберкулездің басқа түріне айналып асқынады.
Достарыңызбен бөлісу: |