АТМ (Аsуnchonous Тгаnsver Моdе) тораптары АТМ (Аsуnchonous Тгаnsver Моdе) немесе асинхронды тасымалдау режимі - бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты ұзындықты (көлемдегі) ұялар қолданылатын коммутация технологиясы. Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сөзді, қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін жүзеге асыра отырып, жергілікті және аймақтық тармақталған желі рөлдерін атқара алады. Бұлардың жұмысы Интернет қызметі түрлерінен айрықша қүрылып, арнайы инфрақұрылымның болуын талап ететіндіктен, олар желі сегменттерін бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі (backbone) ретінде қолданылады.
ATM технологиясы – желілерде түрлі мәліметтерді алмастыруда байланыстарды орнатуға бағытталған транспорттық механизмі.
ATM – желілердегі құрылғыларда ақпарат алмасуды ұяшықтар(cells) деп аталатын бумалар арқылы ұйымдастыру тәсілі. АТМ-нің негізгі артықшылықтары - берілгендер өрісіндегі ұяшықтарға кез келген ақпаратты беру мүмкіндігі. Сонымен қатар АТМ қандай да бір көрсетілген жылдамдық негізінде ғана емес олардан жоғары жылдамдықпен де ақпарат алмаса алады. АТМ-дегі барлық ұяшықтардың ұзындығы - 53 байтқа тең болады. Ұяшық екі бөліктен құралады: 5 байт болатын бастапқы (cell header) және 48 байт болатын берілгендер (cell payload) өрістері. Бастапқы бөлік жүйенің маршрутын анықтайды.Ал берілгендер өрістерінде ең қажетті мәліметтер сақталып қойылатындықтан, оларды желі арқылы жіберуге болады. Мәліметтерді тиімді жіберудің ATM технологиясында виртуалды қосылыстар (virtual connection) концепциясы қарастырылған. Бұл жоғары сапалы байланысты қамтамасыз етіп, гомогендік желіні құруда өте икемді болып, түйіндер арасында физикалық орналасуы тәуелсіз болады. АТМ офистегі локальдік желіде ғана емес, аймақтық-таратылу желісінде де пайдаланылады, себебі ақпаратты кодтау физикалық деңгейде қолданылып, локальды және глобальды желілерде бірдей қолданыла береді.
АТМ технологиясы қолданатын стандарттары: – UNI – User Network Interface
– PNNI – Public Network Network Interface
– AAL - ATM желісі арқылы мәліметтерді тасымалдауға дайындайтын тәсілді анықтайтын ережелер
– Q.2931 – виртуальдық қосылуларды басқару протоколы.
АТМ технологиясын пайдаланудың мынадай артықшылықтары бар:
– Кез келген типті трафикті жоғары сапамен жібере алу мүмкіндігі.
– Ресурстар тиімді түрде бөлінеді. Барлық алынатын ресурстар желілерде тиімді статистикалық бөліну қызметтерінде пайдаланылады.
– Бірыңғай универсалды жүйе болып есептеледі. Себебі бір ғана желінің негізінде құрылғандықтан, бұл жүйенің толық бағасы барлық жүйелер бағаларының қосындысына қарағанда арзанырақ болады.