Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет32/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

7.3 RIP қашықтықты векторлық хаттамасы. OSPF хаттамасы
Күрделі архитектуралы үлкен желілерде динамикалық бағыттауыштың статикалыққа қарағанда артықшылығы көрінеді, себебі саны көп бағыттауыш кестелерін қолдан қолдау сияқты жалықтыратын жұмыстан құтылуға мүмкіндік береді. Динамикалық бағыттауыш жағдайында желі администраторына түсетін ауыртпашылық минималды және көбінесе әрбір бағыттауыш үшін үндемей тағайындалатын көмейді көрсетумен шектеледі. Барлық басқа икемдеулер және бағыттауыш кестелерін құру бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде жасалады.
ТСР/IP бағыттауышы үшін жиі қолданылатын екі хаттамалар – RIP (Routing Information Protocol, бағыттауышты басқару хаттамасы) және OSPF (Open Shortest Path First, ең қысқа жолды бірінші болып аш). Бұл екі хаттама да бағыттауыш кестелерін жаңарту кезінде желілік трафикті құрады, бірақ RIP OSPF хаттамасына қарағанда тым «сөзшең» (ол желі арқылы жүйелі уақыт аралығында барлық бағыттауыш кестелерін ұдайы жіберіп отырады, ал OSPF тек бағыттауыш кестелеріндегі өзгерістерді ғана жібереді).
RIP – орындалуы қарапайым болғандықтан, қазіргі кезге дейін кең тараған алғашқы хаттама. RIP қолдайтын бағыттауыш кестелерінде келесі ақпарат сақталады:
-IP –қабылдаушы түйін адресі;
-қайталап орындалатын трансляциялар саны (хоптар), 1-ден 15-ке дейін;
-жолдағы келесі бағыттауыштың IP-адресі;
-әрбір жол үшін жеткізу уақыты;
-бағыттауыштағы ақпараттың өзгеру уақыты (өмір сүру уақыты).
RIP хаттамасы ішкі бағыттауыштың қашықтық-векторлық хаттама болып табылады. RIP анықталған жолдардың әрқайсысы үшін ретрансляциялар санын тауып, ол ақпаратты ең тиімді жолды таңдау үшін қолданады. Егер RIP ретрансляциялар санын қадағаламаған болса, шексіздікті есептеу проблемасы туар еді. Кейбір желілерде арнаға ену мүмкіндігі болмаған жағдайда, RIP логикалық циклге әкелетін басқа жақсы жолды тізбектей іздеуді бастайды. Мұндай цикл шексіз қайталана беруі мүмкін. Ұқсас жағдайларды болдырмау үшін, RIP 1-ден15-ке дейінгі мәндерді қабылдайтын ретрансляциялар санағышын пайдаланады.
RIPv2 хаттамасы. RIPv1 жәнеRIPv2 хаттамалары айырмашылықтары: пакет форматындаға айырмашылықтар, қашықтық векторындағы желі маскасын жіберу. Бұл екі хаттама да 120 административті қашықтыққа ие;әрбір 30секунд сайын олар жаңартулар жібереді (RIPv1 бродкаст бойынша, RIPv2 мультикаст бойынша). RIPv2 classless хаттама ал RIPv1 classfull хаттама. екі хаттама да тұзақ пайда болуға ұшырағыш, оның алдын алу үшін мына технологиялар пайдаланылуы мүмкін:
-Count to infinity
-Holddown Timer
-Split Horizon
-Route Poisoning
-Split Horizon with Poison Reverse
маршрутизация кестесімен дұрыс жұмыс үшін 3 таймен қарастырылған:
-Invalid Timer
-Flush Timer
-Holddown Timer




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет