Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Материалдық ресурстар шығынын мөлшерлеу



бет35/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Материалдық ресурстар шығынын мөлшерлеу. Материалдық ресурстар шығынын мөлшерлеу дегеніміз – жоспарланған өндірісті жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру – техникалық іс-шараларын іске асыруын ескере отырып, өнім өндіруге немесе жұмыстың орындалуына қажетті барынша мүмкін болатын шикізат немесе материалдардың ең аз көлемін белгілеу. Материалдық ресурстарды мөлшерлеу оларды дұрыс, ұтымды пайдалану мақсатында ішкі резервтерді анықтау мен оларды жұмылдыруға бағытталған. Өнім немесе жұмыс бірлігін өндіруге жұмсалған меншікті материал шығынын қысқарту (материалсыйымдылығын төмендету) айналым капиталының тиімділігін арттыруға және затты еңбек шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.
Материалдық ресурстар шығыны жылдық мөлшер түрінде болады, яғни бір жыл ішінде өнім бірлігіне (немесе жұмысқа) жұмсалатын шектік материалдық ресурс шығынын сипаттайды. Жылдық мөлшердің құрамына тоқсандық мөлшерлер кіруі мүмкін. Оны жыл бойына тұтынылуы өзгеріп тұратын материалдар шығынын мөлшерлеуде пайдаланады.
Оралымды-техникалық мөлшерлер технологиялық үдерістің нақты шартын және өндірісті ұйымдастырудың берілген деңгейін орындауға қажетті шикізат пен материалдардың шектік шығынын көрсетеді.
Жеке мөлшерлер белгілі бір зауытта немесе құрал-жабдық көмегімен дайындалатын нақты өнім бірлігіне жұмсалатын материалдар шығынын сипаттайды. Жинақ мөлшерлер бірнеше бір тектес өнім шығаратын кәсіпорындардың өндірген бірдей өнімге (жұмысқа) жұмсалатын материалдар шығынын көрсетеді.
Бұйым мөлшері тұтас бұйымға жұмсалатын жоспарлық материалдық шығынын, ал бөлшек мөлшері – нақты бір бөлшекке жұмсалған материалдар шығынын бейнелейді.
Айналым капиталының мөлшері келесі уақыт кезеңдерін қамтиды:
а) материалдың жолда болу уақыты (көліктік қор);
б) материалды қабылдау, түсіру, іріктеу, қоймаға орналастыру
және зертханалық тексеру жүргізу;
в) өндіріске даярлау (мысалы, табиғи кептіру және т.с.с.);
г) ағымдық қоймадағы запас түрінде сақталуы;
д) кепілдік қор түрінде сақталу уақыты.
Уақыт өлшемі кәсіпорындағы нақты жағдайларды ескере отырып анықталады. Мысалы, үзіліссіз және бірқалыпты материал жеткізілген жағдайда қоймадағы ағымдық қорының мөлшері жеткізіп тұрудың жиілігіне тәуелді, материалдар кәсіпорын қоймасына жиі келетін болса, олардың қоймадағы ағымдық қоры соншалықты кем болуға тиісті.
Жекелеген материал түрлері үшін айналым капиталының бір күндік мөлшері келесі түрде анықталады (6.2 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет