Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Кәсіпорын табыстарын қалыптастырудың негізгі көздері



бет61/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

2.Кәсіпорын табыстарын қалыптастырудың негізгі көздері Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын экономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.

  1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.

  2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.

  3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. 

  4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады. 

  5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды. 
    Нарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат, материалдар бағасының өзгеруіне қарай және шығынның қалыптасуына ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, тараптардың келісуімен қайта қаралуы мүмкін. Сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы орташа баға мен нарықта тауарлар ақшаға немесе бір-бірімен айырбасталатын (баспа-бас айырбас) баға да нарықтық бағаға жатады.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет