3.Өндіріс көлемін жоспарлау немесе болжау. Шығындарды жоспарлау. Әртүрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әртүрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әртүрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн бірдей емес.
Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туындап отыр. Әртүрлі кәсіпорындарда өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындарды салыстыру үшін, жоспарлаудың әртүрлі сатысында жеке түрлерінің арасындағы шығындардың қатынасын анықтау үшін, сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру үшін шығындарды саралау қажет болады.
Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі.
Саралаудың мәні - өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады. Экономикалық элементтері бойынша Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);