Нде = С tц Көс /Т
мұндағы: С – жалпы өнім өндіру шығындары;
Т – кезең ұзақтығы (тоқсан, жартыжылдық және т.б.);
tц - өндірістік циклдың ұзақтығы, күн;
Көс - аяқталмаған өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті
Дайын өнімді мөлшерлеу. Дайын өнімдегі айналым капиталының нормативі толық өзіндік құнымен алынған тауарлық өнімнің біркүндік айналымы мен айналым капитал мөлшерінің көбейтіндісімен анықталады. Соңғысы жекелеген өнім түрлері мен маркаларын сұрыптауға, жөнелтілетін өнім партиясын жинақтауға, өнімді жеткізуші-кәсіпорын қоймасынан бұйып-түюге, жөнелту стансасына тасымалдауға қажетті уақытқа, сондай-ақ өнімді көлікке тиеу уақытына байланысты анықталады.
Жоспар бойынша тоқсан ішінде тауарлық өнім 54 000 теңге, ал айналым капитал мөлшері – 7,7 күн деп алсақ, дайын өнімге деген айналым капитал нормативі мынаған тең болады:
54 000 7,7 / 90 = 4620 теңге
Айналым капиталын сипаттауға айналым капиталының күнмен санаған жалпы мөлшері қолданылады. Оны айналым капиталының жалпы нормативін өндірістік шығынның есебі бойынша біркүндік мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Мысалы, егер жалпы норматив 30 000 теңге, ал біркүндік шығын 511 теңге болса, онда ортақ айналым капитал мөлшері:
30 000 теңге / 511 теңге/күн = 58,7 күн
Өндірістік айналым қорды пайдалану ісін жан-жақты жақсарту өнеркәсіптік кәсіпорынның маңызды міндеттерінің бірі. Шикізат, көмекші материалдар мен отын неғұрлым тиімді пайдаланған сайын өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге олар соғұрлым аз жұмсалады, яғни өнеркәсіптік өнім өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік ашады.
Материалдық ресурстар шығынын және оларды тиімді пайдалану деңгейін көрсететін жеке көрсеткіштер қолданылады.
Материалдық ресурстар шығыны дегеніміз олардың өндірісте тұтынылған көлемі. Өндірісте жұмсалған шығындар кәсіпорынның тікелей өнім өндіруге жұмсалған барлық материалдық ресурстар көлемін қамтиды. Сондай-ақ, материалдық ресурстар жөндеу жұмыстарына, зауытішілік көлікпен қызмет көрсетуге, көмекші шаруашылықты қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерге де жұмсалады. Материалдық ресурстарды тұтынуы меншікті және жалпы шығыны деген түрлерімен сипатталады.
Материалдық ресурстардың жалпы жұмсалуы – бұл есептік кезең ішіндегі бүкіл өндірістік бағдарламаны орындауға материалдық ресурстардың тұтас немесе жекелеген түрлерін тұтыну. Материалдық ресурстардың жалпы жұмсалуы табиғи түрінде есептеледі; әр түрлі материалдық ресурстардың жиынтық шығыны құндық өлшемімен есептеледі.
Нақты ресурс түрінің үлесті шығыны m деп өндірілген жарамды өнім бірлігіне тиесілі орташа шығын көлемін айтады.
Оны есептік кезең ішінде берілген өнімді өндіруге жұмсалған барлық материалдық ресурс көлемін (Q) осы дайын өнім көлеміне (N) қатынасымен анықтайды:
m = Q / N
Сондай-ақ, бір текті өнім бірлігіне жұмсалған материалдық ресурстың үлесті шығынын да mi келесі формуламен есептеп шығаруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |