Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет45/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

L = E  T : Nр
L = E : Np  T

мұнда: Е – айналым капиталының орташа қалдығы, теңге;


Т –күнмен санағандағы кезең ұзақтығы (жинақтап алу керек, яғни 1 жыл – 360 күн, 1 тоқсан – 90 күнге және 1 ай – 30 күнге тең).
Np - сатудан түскен табыс, теңге.

Айналымдылықтың тура коэффициенті тк берілген кезең ішіндегі айналым санын немесе айналым капиталының әрбір теңгесіне тиесілі сатылған өнім көлемін сипаттайды:




тк= Np / E

Сәйкесінше, айналымдылықтың кері коэффициенті (айналым- дағы қаражаттарын толық пайдалану коэффициенті)




oк = E / Np

Келтірілген формулалар бойынша барлық айналым капиталының, жеке алғанда мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым капиталының айналымдылық көрсеткіштері, сондай-ақ айналым капиталының жекелеген элементтерінің айналымдылық көрсеткіштері есептеледі. Жоспарлық айналымдылық көрсеткіштері тек мөлшерленетін айналым капиталы және олардың жеке элементтері бойынша анықталады.


Сату айналымы тауарлық өнімнің кәсіпорынның көтерме бағасымен сатылу құны және көрсетілген қызметтің, материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетудің құны туралы мәліметтерге сүйеніп есептеледі.
Айналым капиталының орташа қалдықтарының көлемін орташа уақыт мөлшерін анықтайтын формуласымен есептеледі, мысалы, жылдық орташа қалдықтар көлемі жыл басындағы мен жыл соңындағы қалдықтар жартысын және барлық қалған айлардың бірінші күніндегі қалдықтарды қоса отырып, алынған қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Мөлшерленетін айналым капиталы жоспарлық орташа қалдықтарының нормативтер қосындысына, маусымдық қорларға және банктік несиеге қатысты есептеледі. Маусымдық қордың қалдығы осы құндылықтарға берілген банктік несие бойынша іс-жүзіндегі орташа қарыз мөлшерінде және несие берер кезінде банктің есепке алған жабдықтаушыларға қарызы қосылады.
Екі кезеңдегі айналымдылық көрсеткішін салыстыру кезінде есеп беру жылының алдыңғы кезең көрсеткіштерін есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштерге қатысты құнын салыстырмалы түрге келтіру қажет.
Айналым капиталының айналымдылығын күнмен есептеудің мысалын келтірейік (6.1 – кесте).
Кестеде берілген мәліметтер бойынша айналымдылық коэффициенттерін де есептеуге болады. Сонымен, алдыңғы жыл ішінде мөлшерленетін айналым капиталы 8 айналым жасады (8000:1000), есеп беру жылы ішінде – 9 айналым (10 800:1200). Сәйкесінше, айналым капиталын толығымен жұмыс істеу коэффициенттері 0,125 (1000:8000) және 0,111 (1200:10 800) тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет