Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету



бет64/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.
Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауарөндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, қоғамның да қажеттілігін қамтамасыз етеді. Пайда қай жерде құнның өсуіне мол мүмкіндік бар екенін көрсетіп қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады.
Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклының барлық сатысында өндіріледі, бірақта өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.
Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі болады және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасауға болады. Ішкі факкестелерге шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.
Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайдалуға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселері және т.б. жатады.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субъектінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін өзі қамтамасыз етудің, ұлғайлымалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық сәттілігін сыйпаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сыйпатталанады.
Нарықтық қатынастың жағдайында шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.
Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден бір көзі болып инновациялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамыту отыру керек.

3.Кәсіпорынның өнімді өндіруге жұмсайтын шығындары: элементтер бойынша өнімнің өзіндік құнына қосылатын, аралас, қаржылық нәтиже-лерге жатқызылатын, таза пайданың арқасында жүзеге асырылатын.


Кәсіпорын іс әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығынмен табысты салыстыра отырып өндірістің тиімділігін бағалайды.
Кәсіпорындарда табыстылықтың деңгейінің жоғарлауына тікелей әсер ететін негізгі факкестелерге келесілер жатады:

  • өндірілген өнім көлемінің өсуі;

  • өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

  • өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының қысқаруы;

  • пайда көлемінің өсуі;

  • қорлардың дұрыс пайдалануы;

  • құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын бағажүйесі;

  • материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс анықтау және оны тиянақты ұстап тұру:

  • жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;

  • еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.

Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы Тбөн және өнім табыстылығы Тбөм болып екіге бөлінеді. Бірінші көрсеткіш пайданың П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет