Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет71/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Қаржыландыру және инвестициялау. Осыған дейін сөз болған кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталы бір ғана ақша қаражаттарынан құралатын еді. Алайда, нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай түрде ұзақ уақыт тұра алмайды, себебі ол жаңадан табыс табуы тиіс. Ал кәсіпорын кассасында немесе оның банктегі есеп-шотында қалдық ақша түрінде тұрғанда ол кәсіпорынға пайда әкелмейді.
Осыған байланысты капиталдың ақшалай түрден табыс әкелетін қабілеті бар өндіруші түрге өзгерудің мәнін түсіну маңызды. Бұл өзгеру (яғни, метаморфоза) инвестициялау деп аталады. Бұл құбылысты қаржыландырумен шатастыруға болмайды.
Кәсіпорынды қаржыландыру - бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарының статикада пайда болу үдерісі (ақша қорлары түрінде) және динамикадағы ақша айналымына (ақша ағындары түрінде) қызмет көрсету үдерісі. Демек, қаржыландыру деп қаржы ресурстарын түзуді, ал инвестициялау деп - оларды пайдалануды түсінеміз. «Инвестициялау» және «қаржыландыру» ұғымдары үнемі нақтылап отыруды қажет етеді. Оның себебі - қаржы ресурстарын кез-келген түрдегі пайдалануы инвестициялау болмайтынында, қаржы қаражаттарын пайдалану түрлерінің барлығын инвестициялау деп атай алмаймыз. Акциялар эмиссиясы көмегімен қаржыландыру да әрдайым ақша қаражаттарын алумен байланысты бола бермейді. Мысалы, акционерлік компания жаңа акциялар пакетін шығарды делік, ал сатып алушы ақша орнына компанияға жер телімін, машиналар мен жабдықтар және т.с.с. беруі мүмкін. Бұл жағдайда қаржыландыру және инвестициялау біруақытта, қатар жүріп жатыр. Жалпы алғанда кәсіпорынның айналымы - бұл инвестициялау және дезинвестициялау талассыз үдерісі, қаржы ресурстарын байланыстыратын және босататын үдеріс, үздіксіз қаржылық операциялар үдерісі.
Халықаралық қаржы тәжірибесінде қаржыландырудың екі түрін - сырттан және іштен қаржыландыру деп ажыратады. Бұлайша бөлу кәсіпорын капиталы мен қаржы ресурсы түрлерінің қаржыландыру үдерісімен тығыз байланысуымен түсіндіріледі. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы төменде келтірілген (14.6-кесте). Кәсіпорын қайтарылмайтын облигациялар шығарған жағдайда ол несиелік капиталға негізделген сырттан қаржыландыру түрін білдіреді.

6.1.-кесте. Қаржыландыру түрлерінің саралануы





Қаржыландыру түрлері

Сырттан қаржыландыру

Іштен қаржыландыру

Меншікті капиталмен қаржыландыру



Салымдар мен қатысу үлесі негізінде қаржылан- дыру (мысалы, облигация- лар, акциялар шығару, жаңадан жарнашыларды тарту)

Салық алынған пайда есебінен қаржыландыру (жай мағынасында- өзін-өзі қаржыландыру)

Қарызға алынған капиталмен қаржылан- дыру





Несиелік қаржыландыру (мысалы: несиелер,қарыз- дар, банктік несие, матер- иалдармен жабдықтау шы лардың несиесімен)

Кәсіпорынның табысынан құралған капитал резервтік капитал арқылы қаржыландыру

Меншікті және қарызға алынған капитал негізінде аралас қаржыландыру



Акцияға айырбастау мүмкіндігі бар облига- циялар шығару, опциялық қарыздар, пайдаға ортақ- тасу құқығын беру негізінде несие, артық- шылығы бар акциялар

Тұрақты пассивтер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет