Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36

 
Көне эпостың қалыптасуы
ерте замандарды меңзейді. Ертегі, миф, аңыз желілері 
арқылы қалыптасып, шытырман оқиғаларға құрылатын және негізгі арқауы ерлікке 
жауап беретін жырларды көне эпос дейміз. Сюжеттің негізгі түзілісі батырдың ғажайып 
тууы, ерлікпен үйленіп, өліп-тірілуі және ақырында дию, пері, дәу, аждаһа, мыстан 
кемпір т.б. бәрін жеңіп мұратына жетуі жүйелі баяндалады. Мұнда көне дәуірге тән
наным-сенімдерге кеңінен орын беріледі. Себебі жырдың туған дәуірі сол өткен өмірдің 
ісі мен тынысы екендігі анық. Бұған біздің «Құламерген – Жаямерген», «Мұңлық - 
Зарлық», «Дотан батыр» т.б. жырлар дәлел. 
Батырлық эпос. 
Қазақтың жалпы эпостық мұраларының жиналуы мен зерттелу 
тарихы бар. Бұған қатысты көл-көсір әдебиеттер жазылды. Қазақ батырлық жырларын 
жазып алуда Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, 
И.Н.Березин, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеевтер айтарлықтай үлес 
қосты. Ғылыми тұрғыда зерттеу ісінде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов. С.Сейфуллин, 
С.Мұқанов, М.О.Әуезов, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, 
Ә.Қоңыратбаев, О.Нұрмағамбетов және т.б. құнды еңбектер қалдырды. Бүгінгі 
ЭПОС 
Көне эпос 
Батырлық эпос 
Лиро эпос 
Тарихи жырлар 


фольклортану ғылымында қазақ эпосына қатысты Р.Бердібай, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев 
т.б. жаңаша зерттеулерімен танылды. Батырлық эпос шығу мерзімі жағынан түркі 
қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлы дәуірлерімен ерекшеленеді. Батырлық жырлардың
классикалық үлгілері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбарлар» болса, 
тұтастану құбылысына жауап беретін «Қырымның қырық батыр» жырлары бар. Эпикалық 
батырлық жырларды жырлаушы көптеген өнер өкілдерінің есімдері мәлім. Жырлану 
барысында эпостық жырлар бірнеше нұсқаға айналып, бірнеше варианттарына 
байланысты версиялар құрайды. Типологиялық жағынан көптеген ұқсастықтар бар. Ұқсас 
жерлер, тізбектеле жырлау, негізгі мифтері ғажайып туылу, жедел өсу, үйлену, жекпе-
жек, соғысу, түс көру, мұратына жету т.б. болып келеді. Көркемдік жағынан аллитрация 
мен ассонанс, гиперболла мен литота, теңеу мен эпитет және т.б. батырлық эпостан мол 
ұшырасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет