Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата04.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#151718
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

2. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ор-
достан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін 
шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан əртүрлі тайпалардың 
мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, 
тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі 
саяси фактордың əсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық 
бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан 
алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың 
аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғұндар) 
əртүрлі тайпаларды біріктірген. Ғұндар туралы мəліметтерді 
негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Тынық мұхиты мен 
Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен 
одан əрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым болып табы-
лады. Ғұндар 24 руға бөлінген. Əрбір рудың көшіп жүретін өз жері 
болды. 
Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” 
деп аталған. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп əскер 
түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру 
əйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен 
көп соғысты. Б.з.д. 3 ғасырда ғұндар шабуылының күшейгені 
соншалық, қытай императорын Ұлы қорғанды тұрғызуға мəжбүр 
етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарып, ол 
билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық 
аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен 
күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен əскери-саяси қуаты ба-
сым Хань əулетін ғұндардың Ордостағы көшіп-қонатын жерлеріне 
көз тігуінен бас тартуға мəжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу 
Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен “өзара тыныштық жəне 
туыстық туралы шартқа” қол қояды. Бұл шарт бойынша Хань импе-
раторы шаньюйге өзінің ханшасын əйелдікке беріп жəне жыл сайын
салық төлеп тұруға міндеттеледі.
Мөде бастаған ғұндар кейін шығыстағы “шығыс ху” тайпаларын 
бағындырады, ал оның құрамына Керулен жəне Онон өзенінің ал-


26
27
қаптарында мекендеген сяньби жəне ухуань тайпалары кіретін еді. 
Одан соң ғұндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасай-
ды. Бұл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке жəне Шығыс Түркістаннан 
Хуанхэнің орта ағысына дейінгі кең аумақ ғұндардың қол астына 
өтеді, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына кірген тайпалардың 
мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді.
Ертедегі деректерге қарағанда ғұндар Саян-Алтай тайпалары-
на жорықтар жасаған. Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік жəне 
солтүстік-батысқа қарай жорықтарын жалғастырып, Хуньюй, Цюй-
шэ, Динлин, Гэкунь жəне Синьли елдерін бағындырған. Олардың 
аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына 
дейінгі жерлерді алып жатты.
Б. з. д. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай өңірін мекендеген тай-
паларды түгелдей дерлік бағындырды. Одан кейінгі жылдарда олар 
батыста да белсенді əрекет жасайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде шаньюй 
көршілеріне қарсы əрекет жасамақ болды деген сылтаумен өзінің 
батыстағы иеліктерінің билеушілерін юечжилерге қарсы жорыққа 
аттандырады. Ғұндардың атты əскерлері Чжанье-Ганбчжоу ауда-
ны маңында юечжилерді жеңіп, қалыптасып жатқан бірлестігінің 
төңірегіндегі бірнеше иелікті бағындырады. Бұл жөнінде шаньюй 
былай дейді: “Аспанның рахымымен жауынгерлер аман, ал ат-
тар мықты шықты: олар юечжилерді жойып, жуасытты; семсердің 
ұшына іліп немесе бағындырып, өз билігін нығайтты. Лоулань, 
Үйсін, Хуцзе жəне оларға шектес 36 иелік (князьдік) сюннулерге 
қаратылды. Олардың бəрі сюннулердің армиясына кіріп, бір əулетке 
айналды”.
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі əртүрлі тайпалар мен этникалық-
саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси 
өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін 
күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында 
тығыз саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы қатты 
əсер етті.
Б. з. д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық 
иеліктерінен айрылумен қатар бұрынғы бірлестік құрамында 
болған ғұндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік жəне солтүстік болып екіге 
бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжич-
жи шаньюй басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп 
қалды да, солтүстіктегілер өз тайпаларының қысымына шыдамай 
Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен батысқа қарай 
қоныс аударды.
Б. з. д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айнал-
ған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті 
қайта орнатуға əрекет жасады. Бірақ оның бұл əрекетінен нəтиже 
шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сұрайды, 
бірақ үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін 
одақтассыз қалған солтүстік ғұндар оңтүстік ғұндардың жерінен ке-
туге мəжбүр болады.
Солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік-
батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу жерде өз ордасын 
орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жа-
сап тұрады. Сөйтіп, б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи 
бастаған ғұндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп 
келе бастады. 
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны 
б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, 
Орталық жəне Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІV 
ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа 
жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі 
болды. Олар Шығыс Рим империясының жеріне шапқыншылықтар 
жасайды. Əсіресе, V ғ. басында Ругила патшалық құрып тұрған 
кезде Рим мемлекетіне шабуылы күшейеді, Дунай жағалауындағы 
римнің иеліктерін жаулап алады. Паннония (қазіргі Венгрия 
аумағы) жерінде жаңа мемлекет — Батыс ғұн империясы құрылады. 
Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433 жылы Руги-
ла қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі іс жүзінде Аттиланың 
(Еділ батыр) қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін 
Еуропаның көптеген халықтарын өзіне бағындырып, бүкіл Еуропа-
ны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила өлгеннен кейін Батыс ғұн империя-
сы ыдырап кетті. 
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл 
атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың 
ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары
да болған. Дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар 
өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері 
жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді 
дүниеге əкелген. Көк тəңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. 
Өздерінің дəстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. 
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар
күшті болған. Елді шексіз билік иесі — шаньюй басқарған, оның 
жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. Деректер ғұндарда 


28
29
малға жəне жерге де жекеменшік болғанын білдіреді. Ер азамат-
тардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн əскері-
нің негізін атты əскер құрады. Олардың жауынгерлік құдіретінен 
сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, 
қорыта келгенде, ғұндар — бастапқы кезде Орталық Азияда пай-
да болған ежелгі дəуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының 
арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына 
қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет