72
73
алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ.
Халқы — өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар,
қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер
т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Əбілқайыр хан мемлекетінің ішкі
саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан
басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс əулетінің
билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз
соғыстар тоқтамады.
Əбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу
үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында
Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып
алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы
əулетінің Махмұд жəне Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар
қаласын
тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария
бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап,
Сығанақты астана етті.
ХV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі
Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақ та 1457
жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп,
онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.
Бұл жағдай Əбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті.
Нəтижесінде ХV ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер
мемлекетінен Жəнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір
тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы
Əбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен
қайтыс болды. Осыдан кейін Əбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
Əбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлті-
рілді. Ал, Əбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470—
1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы
қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан
кейін Əбілқайырдан тараған Шайбанилер ұрпағының Шығыс
Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ
хандарына толық көшті. ХVІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір
бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мəуераннахрға көшіп кетті.
Ондағы Темір ұрпақтарының билігінің əлсірегенін пайдаланып,
Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан
жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: