Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата04.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#151718
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

2. Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз 
құбылыстардың етек алуы
ХХ ғ. 70—80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде 
де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның əлеуметтік-экономикалық 
саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да əсерін тигізбей қойған 
жоқ. Брежневтік басшылық бұл салаларды мүлтіксіз əрі ешқандай 
проблема жоқ деп санады. Ұлт мəселесін шешудегі табыстарды асы-
ра бағалау кемелденген социализм тұжырымдамасынан туындады. 
Нақ осы кезеңде ұлт мəселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі 
шапшаңырақ қордаланды. 
1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО іс жүзінде 
біртұтас мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас 
республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ авто-
номия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт 


304
305
болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны 
пайдалана алмады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алын-
бады, саяси демократияның бұрмаланғандығы салдарынан бұлайша 
ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді. 
Ұлттық проблеманың бəрін тек интернационалдық тəрбиені 
жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бұл 
бағыттағы тəрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернациона-
лизм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда 
интернационалдық тəрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе 
бүтіндей оны ауыстырды. 
Түрі ұлттық мəдениет, оқу мен тəрбие іс жүзінде аударма бол-
ды. 70—80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек 
дəріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде еуропоцентризм басым еді. КСРО 
халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мəдениетінің рөлін 
асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға бол-
майтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс 
мəдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи са-
насын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бəрін 
ұмытуға табандылықпен мəжбүр етілді. Бұған керісінше Кеңес 
дəуірінің тарихы барынша дəріптелді. Ресми органдар мен насихат 
қазақ халқының жəне Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы 
тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді.
Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке ал-
май бюрократтық жəне күштеп қудалау əдістерімен біртұтас со-
вет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саяса-
тында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге əкеліп 
соқтырды. Ал шынайы интернационализм “өз” ұлтыңның да жəне 
басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайын-
ша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді 
кемсітуден пайда болады. 
Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс 
тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін 
орыстардың 1%-нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық са-
ламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, əскери 
өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс 
тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде 
шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен 
орыс тілін білмейтін адамдардың əлеуметтік өсу мүмкіндіктерін 
шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді. 
Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдан-
дырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі, əсіресе, зия-
лылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студент-
тер, шығармашылық жəне ғылыми интеллигенция арасында респу-
бликаны орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдай-
ына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдаушы-
лық білдірілді. 
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70—80-жж. ба-
сындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің 
көріністеріне жəне патриархалдық құрылысты дəріптеуге қарсы 
күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп 
тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай кел-
меген өз көзқарастарын əдебиет пен өнер шығармаларында бейне-
леген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, 
ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай 
қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвар-
дия”, “Москва”, “Звезда” жəне басқа журналдардағы мақалаларында 
кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмəн келтірді. Ол 
ұлтшылдық, пантюркистік шығарма жəне орысқа қарсы деп айып-
талды. 
Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына 
барынша тыйым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия 
институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дəстүрлі қазақ өнерінің 
дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тыйым салды. Ан-
трополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеография-
сы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға 
əдістемелік қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заман-
мен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек 
бұл айыптың бəрі алынып тасталды. 
1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы 
ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық 
қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай 
орталықтың əміршілдік əдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. 
Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын құру əрекеті жəне 
оған қазақ тұрғындарының қарсы шығуы республиканың саяси 
тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Қазақстанда неміс авто-
номиялы облысын құру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП 
Орталық Комитеті Саяси Бюросының мəжілісінде республиканың 
үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы 
Д.А.Қонаевтың куəлік етуіне қарағанда, қазақ жерінің қақ ортасы-
нан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдауға 


306
307
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов 
мұрындық болған көрінеді. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Пав-
лодар, Қарағанды жəне Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудан-
дары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып 
белгіленді. 
Автономиялы облыс құру туралы мəлімет республикаға тез та-
рап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 
күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орында-
ры мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жаста-
ры қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ жəне орыс 
тілінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясы болмасын!” 
жəне басқа ұрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг 
Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған 
үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация 
болды. Оны аудандардан келген соғыс жəне еңбек ардагерлері ба-
стады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға 
қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу 
тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрация-
лар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. 
КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұл шешіміне ре-
спубликада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар 
“Қазақстаннан шаңырақ сұрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту 
тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, о бастағы “ата” қоныстан 
ірге көтереміз”,— деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін 
жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград 
жəне Саратов облыстарының аумағында неміс автономиялық облы-
сы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия əскерлері КСРО-
ға басып кіргеннен кейін Кеңес үкіметінің шешімімен таратылып, 
оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. 
Республика халқының наразылығының нəтижесінде орталық өз 
шешімін өзгертуге мəжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс 
автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. 
Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді 
(бұл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) жəне тіпті əкімшілік 
істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республиканың 
басшылығы жəне Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстра-
ция туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін 
жұмсады. Баспасөз беттерінде бұл оқиғалар туралы ештеңе 
жазылған жоқ.
Осы жылдарда индустриялық дамудың, кəсіпорындардың 
көптеп салынуының нəтижесінде қоршаған ортаға орасан зор 
зиян келтірілді. Сырдария жəне Əмудария өзендерінің суларын 
мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы 
азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыру-
да жіберілген стратегиялық қателіктер, жер жəне су қорын есепсіз 
пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру 
салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта 
құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам 
өсіп, Арал өзінің балық өнеркəсібінен тұтастай айырылды. Оның 
үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе 
түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы 
табиғи орта тепе-теңдігінің бұзылуы халықтың тұрмыс жағдайы 
мен денсаулығына қатер төндірді. Адам өлімі, əсіресе, балалардың 
шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і əртүрлі сырқаттарға 
шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық 
өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мəселе көтеруге мəжбүр 
етті, өйткені Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы 
— қазақтар мекендейтін аудан. 
Осындай ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей жəне 
басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарыл-
ды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына жəне қоршаған 
ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы 
айтылмады. Ғалымдардың мəліметі бойынша полигонда сынақ 
жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды 
радиацияның сəулесіне ұшырады, əсіресе, онкологиялық сипаттағы 
аурулар көп шықты. 1975—1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек 
Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жын-
данып ауру жəне өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей поли-
гонынан басқа əр жылдарда Республика аумағында 27 жерде қуаты 
əртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, əсіресе, 
Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын 
қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі по-
лигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан об-
лыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны 
Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді. 
70—80- жылдары мəдениет саласын нығайтуда біраз жұ-
мыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен 
мəдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам 
көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының 
тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек 
ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мəдени дəрежесі 


308
309
сан жəне сапа жағынан едəуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір 
колхоз бен совхозға 70- жылдардың басында 45 жоғары жəне арнайы 
орта білімі бар маманнан келді. 
1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстары-
на дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 бағдарлама орталығы 
жəне осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын та-
рататын жəне қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 
республикалық жəне 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио 
хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976 
жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 
290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. 
Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы, рес-
публиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 
млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 
мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70- жылдары жап-
пай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты 
жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін 
оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пəндер 
қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге 
мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мек-
тептерге партиялық əмір күшейе түсті. Оқу-тəрбие процестерін 
саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу про-
цестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайды қа-
рауы қосылды. Ұлттық мектептерді қысқарту үрдісі күшейіп, 
орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы 
экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрі-
нісі еді. 
1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары жəне 190 арнаулы орта оқу 
орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студент-
тер 160 мамандық бойынша əзірленді. Республиканың техникумда-
рында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы респу-
бликада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу 
орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техни-
кумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының əрбір 
10 мың адамына 160 студенттен келді. 
ХХ ғ. 70—80 жж. қазақ əдебиеті І. Есенберлиннің, Ə.Нұршайы-
қовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, 
М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ə.Кекіл-
баевтың, О.Бөкеевтің жəне басқалардың шығармалары арқасында 
елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, 
Н.Тілендиевтің, Ə.Еспаевтың, І.Жақановтың əндері Қазақстанның 
музыкалық мəдениетінің алтын қорына кірді. 
“Ботакөз”, ”Аққан жұлдыз”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, 
“Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Бейбарыс сұлтан” 
кино-фильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындыла-
ры деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер 
Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Əшімовтың, Ə.Боранбаевтың; 
режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, 
А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың жəне басқалардың шығармашылық 
қызметтерімен байланысты. 
Ə.Қашаубаев негізін салып кеткен əн өнеріндегі игі дəстүрді 
Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ə.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, 
Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті. 
70—80- жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. 
Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеуле-
рін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ə.Айтхожин 
генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие бол-
ды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда жəне Орал-
Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-
Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау 
жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ 
КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір 
томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын 
“Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның 
өсімдіктері” жəне диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра 
іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Əл-Фарабидің, 
Ш.Уəлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басы-
лып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды. 
Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшы-
лықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жа-
сау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-
техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми 
кадрларды даярлау жəне ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кен-
же қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы жəне 
салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми 
күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды 
зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың 
бірін-бірі қайталауына əкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі 
күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір 
зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда 
екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде 
құрылған ғылыми-өндірістік кешендердің құрамына кіре алмады. 


310
311
Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам 
өмірінің мəдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын 
тигізбей қоймады. Мəдени салалардың мəселелерін жете бағаламау, 
олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу 
республика мəдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс əсерін 
тигізді. 
Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси 
өмірде, идеологияда, мəдениетте, адамдар арасындағы қарым-
қатынаста жəне т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек 
алған жағдайда, əсіресе, 70- жылдардың аяғы мен 80- жылдардың 
бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет