24
25
Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын
обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға
тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ.
Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланы-
сты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекен-
деген деп қорытынды жасайды.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань
қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары
тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан
аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сəулет өнерінің
бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін
«Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының
байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі
киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша
арқылы əшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң»
стилінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның
маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде,
əліпбилік жазба болуы ықтимал.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның
ыдырап, əлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа си-
патымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер жекеменшік, ал
кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады.
Сақ заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы
(патронимия) — яғни, көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға бо-
лады. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген
үлкен патриархаттық-рулық əлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі
нəтижесінде құрылды. Ол бөліністер əулет басшысының есімімен
аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі
сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, əлеуметтік теңсіздіктің
болғанының дəлелі болып табылады.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған. Олар: жауынгерлер,
абыздар, қауымшыл сақтар. Осы жіктердің əрқайсысының өзіне тəн
дəстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл жəне сары-қызыл,
абыздарға — ақ, қауымшыл сақтарға — сары мен көк түстер тəн еді.
Сонымен қатар, абыздардың белгісі — құрбан табақ пен айрықша
бас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан
сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ əйелдері
қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да
ерлермен бірдей қатынасып, ерлік көрсетіп отырған.
Б.з.д. VІ—V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық
құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғарғы сатысы-
на көтерілгендігін, оған экономикалық жəне саяси алғышарттардың
болғандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: