Лекциялар курсы Редакциясын басқарған



Pdf көрінісі
бет10/78
Дата04.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#109053
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
тарих тарих

Қаңлылар
  –  қазақ  халқының  негізін  құраған  ежелгі  тайпалардың  бірі.  Олар  туралы 
деректерді  негізінен  қытай  жазбаларынан  аламыз.  Шығыстанушы  Н.  Аристов  «қаңлылар  – 
ежелгі  түркі  руы»  деп көрсетеді.  В.Востров олардың ежелгі  тайпа және түркі  тілдес екенін 
нақтылап берді. А.М. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған.   
Қаңлы  мемлекеті  (б.з.д.  ІІ  ғ.  –  б.з.  Ү  ғ.)  –  Оңтүстік  Қазақстанда  құрылған  алғашқы 
мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша астанасы Битянь қаласы болған. 
Қаңлының билеушісіне 5 иелік бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің 
орналасу  мәселелерінің  тарихы  И.Бичуриннен  басталады,  ол  оның  орналасқан  жерін 
Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань 
туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол  «Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі  мен 
Орта  жүзі  көшіп  жүрген  Сырдарияның  солтүстік  жағындағы  далаларды  алып  жатыр»  деп 
атап  өткен.  «Шицзиде»  кангюйдің  орналасуы  туралы  былай  делінген:  «Кангюй  Даванның 
солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл - әдетте 20 000 әскері бар 
юечжиліктерге ұқайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына 
қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды». 
Б.з.д.  ІІ-І  ғғ.  қаңлылар  батыс  өңірдегі  белді  мемлекеттердің  бірі  болды.  Үлкен  Хань 
әулетінің  келесі  хроникасы  «Цянь  Ханьшудың»  «жерге  орналасуды  суреттеу»  деген 
тарауында  кангюйге  арналған  бөлім  бар,  онда  сөзбе-сөз  келтіргенде  былай  делінген: 
«Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. 
Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге 
болады... Халқы 120 000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-
ғұрпы  үлкен  юечжимен  бірдей.  Кангюй  шығыс  жағында  ғұндарға  бағынады...».  Осы 
ғасырдың  ортасына  қарай  олардың  орналасу  мәселелері  жөнінде  негізінен  екі  көзқарас:  1. 
Кангюйлер  Ташкент  жазирасынан  Хорезмге  дейінгі  қос  өзен  арасындағы  кең-байтақ  жерді 
алып  жатты;  2.  Кангюй  иелігі  Сырдария  өзенінің  сағасынан  Ташкентке  дейінгі  алқапта 
шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде
Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. 
Алайда  кангюйлердің  байырғы  жерлері  Сырдарияның  орта  ағысы  бойындағы  жерлер 
болған.  А.Н.Бернштамның  пікірі  бойынша,  неғұрлым  ертедегі  тарихи  ескерткіштер  – 


 
20 
Авестада,  Махабхаратада,  Пехлевилердің  бундахишні  мен  эпикалық  Шахнамада  аңызғы 
айналдырылған  Кангха  нақ  осында  орналасқан.  Ол  ежелгі  түріктердің  руналық 
ескерткіштерінің  Кенгутарбант  елін  де  осында  орналасқан  деп  көрсетуді  ұсынған  еді. 
Кейіннен  бұл  көзқарасты  Қазақстан  зерттеушілері  мен  ежелгі  Орта  Азия  тарихының 
саласындағы  басқа  да  мамандар  негізге  алды.  С.  Г.  Кляшторный  мен  Л.  М.  Левинаның 
еңбектері  кангюйлердің  орналасу  мәселелерін  зерттеуге  қосылған  елеулі  үлес  болды. 
Біріншісі кангюйлер туралы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің 
орналасуы  жөніндегі  негізгі  пікірлерге  сын  көзбен  талдау  жасады.  Л.М.Левина  сол  кезге 
қарай  жинақталған  археологиялық  деректерді  жүйеге  келтіру  мен  қорытуда  көп  еңбек  етті. 
Ол  кангюйлер  заманындағы  Сырдария  алқабының  негізгі  үш  мәдениетін  сипаттап,  оларды 
кезеңдерге  бөлуді  ұсынды.  Жан-жақты  талдау  негізінде  автор  өзі  қарастырған  жетіасар, 
отырар-қаратау, қауыншы мәдениеті кангюй мемлекеті тұрғындары мәдениетінің нұсқалары 
болып табылады деген қорытындыға келді.         
Сонымен,  Кангюйлер  Сырдария  өзенінің  орта  ағысының  солтүстік  жағын  мекендеген 
және Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп айтуға болады. 
Егер  б.  з.  б.  II  ғасырдың  екінші  жартысында  қытай  елшісі  Чжан-Цянь  Кангюй 
жерлерінің  оңтүстігінде  юечжиге,  ал  солтүстігінде  ғұндарға  тәуелді  екенін  айтса,  біздің 
заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан-Цянь юечжи әскерін 100-200 
мың,  ал  кангюй  әскерін  90  мың  деп  хабарлаған  болса,  Цанб-Хань-Шу  енді  кангюй  әскерін 
120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді.  
Бұл  кезеңде  Орта  Азиядағы  қос  өзен  аралығында  юечжилердің  негізгі  бөлігінің 
оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке 
бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі кангюймен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай 
қоймағанын,  ал  кангюйлердің  алдынан  оңтүстік  пен  батысқа  басқыншылық  жорық  жасау 
үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде б. з. б.  II ғасырдың аяғы – I ғасырдың 
басы, сірә, кангюйдің жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек. 
Б.з.д.  І  ғасырдың  екінші  жартысында  Чжичжи  шаньюй  бастаған  ғұндар  Оңтүстік-
шығыс Қазақстан жеріне алғаш рет көшіп келе бастады. Осындай жағдайда Қаңлы мемлекеті 
Чжичжимен  одақ  құрып,  оны  үйсіндерге  қарсы  пайдаланбақ  болды.  Қаңлы  билеушісі 
Чжичжиді  Талас  алқабына  шақырып,  оған  өзінің  атты  әскеріне  қолбасшылық  ету  құқын 
берді.  Бірақ,  каңлылардың  үміті  ақталмады.  Чжичжи  үйсіндерді  бағындыра  алмады.  Енді 
ғұндар  мен  каңлылар  арасында  қайшылық  туды.  Чжичжи  қаңлы  билеушісінің  қосынынан 
қуылып,  Таластың  жоғарғы  жағына  кетеді,  сол  жақтан  өзіне  қала  тұрғызады.  Шаньюй 
құрлысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен  алым ретінде алып отырды, сірә, 
ол құрлысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала 
мықты  бекітілді,  ол  екі  қорғанмен  қоршалды,  оның  сыртқысы  ағаш,  ал  ішкісі  мұнаралары 
бар қамкесектен тұрғызылған дуалдан болатын.  
Чжичжидің  күшеюі,  үйсіндерге  шапқыншылығы  Қытай  империясын  мазалады.  Көп 
кешікпей қытай әскері жорыққа шықты. Ол Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш 
отряд  Қашғар,  Ферғана  арқылы,  Шатқал  жотасындағы  Шанаш  және  Талас  жотасындағы 
Қарабура  асулары  арқылы  оңтүстік  жолмен,  үш  отряд  солтүстік  жолмен  –  Шығыс 
Түркістаннан, сірә, усундердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқырындағы 
Бедел  асуы  арқылы  өткен  болар,  содан  соң  Шу  аңғарымен  Таласқа  беттеді.  Әскерлер 
Чжичжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, 
ол  өз  әскерлерін  қабырғаларды  бойлай  орналастырды,  ал  қала  қақпаларының  екі  жағына 
«балық қабыршағы» сияқты етіп әдеттен тыс сап түзеген жаяу жауынгерлер отрядын қойды. 
Алайда, қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан, қытайлар сыртқа ағаш қорғанды өртеп, 
топырақ дуалды опырып жіберді, қоршаудағылардың қарсылығын басып, қалаға басып кірді 
де қамалды басып алды. Чжичжи мен оның төңірегіндегі жақындары көптеген туыстарымен, 
балаларымен,  әйелдерімен  және  атақты  князьдарымен  бірге  1518  адам  тұтқынға  алынды. 
Олардың  бәрінің  басы  шабылды.  Бір  мың  екі  жүздей  жауынгері  Усун  мен  Ферғананың 
вассалдық князьдарына сыйға тартылды.  


 
21 
Қытай-кангюй  қатынастарының  басқа  бір  жағы  Шығыс  Түркістандағы  оқиғаларға 
байланысты.  Біздің  заманымыздағы  78  жылы  Бань  Чжао  басқарған  қытай  армиясы  Шығыс 
Түркістан жазирасына үстемдігін орнатады. Алғашқыда кангюйлер император наместнигіне 
одақтас болады да, көп кешікпей өзінің көзқарасын өзгертіп, біздің заманымыздың 85 жылы 
Бань Чжаоға қарсы көтерілген Суле (Қашғар) билеушісіне көмекке әскер жібереді. 
Қаңлы  тайпаларының  негізгі  кәсібі  көшпелі  мал  шаруашылығы  болған.  Олардың  бір 
бөлегі  егіншілік  және  бау-бақша  өсірумен  айналысқан.  Қолөнер  едәуір  дамыды.  Олар  Ұлы 
Жібек  жолы  арқылы  көп  елдермен  сауда  жасасқан,  халықаралық  саудаға  қатысқанын 
археологиялық жұмыстар кезінде өзге елдерде жасалған заттардың табылуы дәлелдейді. Сол 
заманға  сай  қалалары  да  болды.  Қаңлылар  өрмекпен  жүн  мата  тоқыған,  алуан  түрлі  қыш 
ыдыстар  істеген.  Қоладан  және  темірден  құрал-саймандар  мен  қару-жарақтар  жасаған. 
Зергерлік  бұйымдар  мен  әшекейлерді  алтын,  күміс  және  қоладан  жасады.  Ерте  замандағы 
қаңлылардың  жазу  мәдениеті  болған.  Қаңлылар  негізінен  ата-аналарының  аруағына,  ал  бір 
бөлігі отқа, айға, күнге табынған.  
Қаңлы  ескерткіштерінің  жарқын  көріністерін  қауыншы,  отырар-қаратау,  жетіасар 
мәдениеттерінен көруге болады. Олар Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. 
Қауыншы мәдениеті Ташкент  аймағын қамтиды. 1958-1963 жж. А.Г.Максимова жетекшілік 
еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне 
жататын  бірқатар  ескерткіштер  ашты.  Оның  біршама  толық  зерттелгені  Шардараға  таяу, 
Сырдарияның  оң  жағалауындағы  Ақтөбе  қонысы.  Отырар  алқабында  Отырар-Қаратау 
мәдениетіне  жататын  ескерткіштер  көп  шоғырланған.  Арыс  өзенінің  сол  жағалауында 
аумағы  әртүрлі  Пұшық-Мардан,  Қостөбе,  Шаштөбе,  Сейітман  төбе,  Ақайтөбе,  Шалтөбе 
сияқты  жиырма  шақты  қалашықтар  бар.  Олардың  ең  үлкені  –  Көкмардан.  Бұлардың  көбін 
1969-70  ж.  К.Ақышев  жетекшілік  еткен  Отырар  археологиялық  экспедициясы  тапқан. 
Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала орындары 
біртектес. Қалалар мен обалардан Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. 
Археологиялық  қазбалар  барысында  табылған  әшекей  бұйымдар,  шаруашылық  заттар 
қаңлылардың  егіншілікпен,  мал  шаруашылығымен,  қолөнер  кәсібімен,  саудамен 
айналысқанын  және  өз  тұсындағы  Қытай,  Парфия,  Рим  және  Кушан  империясы  сияқты  ірі 
мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени байланыста болғанын дәлелдейді.   
ІІІ-V  ғғ.  қытай  деректері  бойынша  кангюйлер  өзінің  Орта  Азиядағы  қос  өзен 
аралығындағы,  Арал  өңіріндегі  иеліктеріне  үстемдік  етуінен  айырылып,  бірқатар  тәуелсіз 
иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасырда ол император сарайына елшілік жіберген елдер тізімінде 
ғана  белгілі.  Сірә,  бұл  кезге  қарай  кангюйлер  орнында  пайда  болған  ұсақ  иеліктер 
эфталиттер мемлекетіне тәуелді болса керек. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта 
шенінен  бастап  ортаңғы  және  төменгі  Сырдария  ауданындағы  этникалық-саяси  жағдай 
өзгерді. Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.  
 
  
  
3 - тақырып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет