Лекциялар курсы Редакциясын басқарған


Дамыған  орта   ғасырлар мемлекеттері  (Х – ХІІ ғғ.)



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата04.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#109053
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
тарих тарих

2. Дамыған  орта   ғасырлар мемлекеттері  (Х – ХІІ ғғ.) 
 
Қарахан мемлекеті. 
Х ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс 
Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Кейіннен 
мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды.  
Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты 
рольді  Қарлұқ  конфедерациясының  тайпалары  атқарды,  бұл  конфедерацияға  қарлұқтармен 
бірге  шігіл  және  ягма,  оғыз,  қаңлы  сияқты  т.б.  түрік  тілдес  тайпалар  кірген.  Қарахан 
мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер 
осы  тайпалардан  алма  –  кезек  ауысып  тұрған.  Х  ғ.  ягманың  бір  бөлігі  қарлұқтармен  бірге 
Жетісуды,  Нарынның  түскейін  мекендейтін.  Кейінірек,  ХІ  ғ.  ягмалар  қиян  теріскейде,  Іле 
алқабында  да  тұрады.  Ыстық  көлдің  Солтүстік  жағынан  көшіп  келген  шігілдер  де  осы 
алқапқа  тарап  кеткен  еді.  Карахан  мемлекетінің  негізін  қалаушы  Сатұқ  Бограхан  (915-
955жж),  қарлұқ  қағаны  Білге  Қадыр  ханның  немересі.  Сатұқ  Бограхан  саманилердің 
қолдауына  сүйеніп,  өз  ағасы  Оғылшаққа  қарсы  шығады  да,  Қашғар  мен  Таразды  өзіне 
қаратады.  942  ж  Сатұқ  Баласағұн  билеушісін  құлатып,  өзін  жоғарғы  қағанмын  деп 
жариялайды. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің  тарихы басталады. 
 
Қарахан  сөзі  Х  ғ.  аяғынан  бастап,  олардың  Орта  Азияны  жаулап  ала  бастаған  кезінен 
мұсылман  деректерінде  пайда  болған.  Ал,  Қарахан  мемлекеті  деген  атау  Х  –ХІ  ғасырда 
тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған.
 
Сатұқ  өлгеннен  соң  билік  оның  баласы  Мұсаға  көшті,  ол  960  жылы  қағанаттың 
мемлекеттік  діні  ислам  деп  жариялады.  Қарахан  мемлекетінің  астанасы  –  Қашғар  қаласы 
болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен – ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның 
баласы  Хасан  Боғра    хан  мұра  етіп  алды.  Мұса  өлгенннен  соң  жоғары  қаған  атағы  оның 
баласы  Әли  Арсылан    ханға  көшті.  Оның  енші  жерінің  орталығы  Қашғар  болды,  сонымен 
қатар, ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
 
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде  – 
ақ  ықпалды  әрі  күшті екі  әулеттің  -  Әли  Арсылан  хан  мен  Хасан  Боғра  ханның  ұрпақтары 
арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) ұрпағының 
ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (Хасанилерге) көшті.
 
Х  ғ.  80-ші  жылдарында  Орта  Азиядағы  күшті  мемлекет  Саманилер  өз  ішіндегі 
әлеуметтік  қайшылықтармен,  феодалдық  талас  –  тартыстар  мен  қырқыстардан  әлсіреп 
құлдырады.  Осыны  Қарахан  мемлекетінің  билеушілері  пайдаланып,  Хасан  Бограхан  990 
жылы  Исфиджабты,  992  жылы  Бұхараны  жаулап  алады.  Осы  жылы  оның  баласы  Жүсіп 
Қадыр  хан  Қотан  қаласын  басып  алған.  Ал  Хасанның  немере  інісі  Қарахан  билеушісі  Әли 
Арсыланның баласы  Насыр Орта Азиядағы Саманилерге қарсы жорыққа шығып, ойсырата 
соққы  берген.  Қарахан  хандығы  қиян  кескі  ұзақ  соғыстардан  кейін  1004-1005  жылдары 
Мәуренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ ғасырдың 30 
жылдары Шығыс және Батыс Қағанат болып бөлініп, екі иеліктен тұрды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет