Лекциялар тезистері № Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия



бет14/19
Дата30.09.2024
өлшемі255,56 Kb.
#205399
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
дәрістер фил

Эстетикалық ой тарихы.


Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс- толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз жүгіртіп етейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі — оның космологизмі.

Космологизм


Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктщ адамзат әлемінен орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын езіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни әз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның енері макроғарыштың, үлкен ғарышқа ұқсап бағуынан, еліктеуінен, яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші — "еліктеу") туады. Осылайша грек ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.

Грек эстетикасын сонау грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік (Гомердің "Илиада", "Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен бастаса да болады. Антикалык эстетиканың орталық категориясының бірі болып табылатын "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің бастапқы нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған ағаш кесінділерін бірік- тіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал "Илиадада" "гармония" қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз бірте-бірте философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген.


Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері ііпінде өсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады. Тіпті, онымен қоймай, адам жанын да, төнін де ауру-кесел, бөлекеттерден тазартады деп білген. Осы түста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы — катарсиске тоқталып кету керек.


Катарсис
Катарсис (грекше "тазару") — адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.


Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка — ғарыш үндестігінің жердегі керінісі болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның айтуынша, катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрын адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.


Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы параграфтардағы мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш салатын) тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика, тарих, поэзия және т.б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына айналып кетті.[2][3] Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.


Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік- эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады.


Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет