Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау



бет39/43
Дата15.11.2022
өлшемі5,45 Mb.
#158208
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
7. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды.
Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мәселелерді түсіну және талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі.
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн. Бір отырыста бірнеше пәнге модерация өткізуге болады. Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары және төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады.
Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:
- дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген;
- жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген;
- балл қою кестесінде қателіктер жіберілген;
- жалпы балл саны дұрыс есептелмеген және т.б.
Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі.
Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сәйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады және соңғы нақты нәтижесі электрондық журналға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет