Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет42/43
Дата16.10.2022
өлшемі5,45 Mb.
#153335
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі.
Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2-ден» «5-ке» дейінгі бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді
Тоқсандық баға қою Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады. Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады: - тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді; - тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тоқсандық бағаның есебі келесі формулада жүргізіледі: Тоқсандық баға = � Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы ∗ 𝟓𝟎%� + � Тоқсандық ЖБ нақты балы Тоқсандық ЖБ макс. балы ∗ 𝟓𝟎%� Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады. 29% + 45% = 74% Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады. Баға Негізгі мектептегі балдардың пайыздық мазмұны «2» 0- 39% «3» 40% - 64% «4» 65% - 84% «5» 85% - 100% Аталған шәкіл негізіндегі 74%, «4» деген бағаға сәйкес. «Математика» пәні бойынша білім алушының 1-тоқсандағы бағасы – «4». 6.2 Жылдық баға қою Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар). Төменде 5-сыныптың «Математика» пәнінен білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген. «Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1-4- тоқсандардағы нәтижесі Жиынтық бағалау (ЖБ) 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан Жалпы балл саны Арақатынасы, % Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық мазмұны Бөлім бойынша ЖБ 34-тен 23 30-дан 20 25-тен 21 20-дан 18 109-дан 82 50% 37,6% Тоқсан дық ЖБ 20-дан 18 20-дан 15 20-дан 19 20-дан 16 80-нен 68 50% 42,5% 40 Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі: Жылдық баға = � Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы (𝟏 − 𝟒 т. ) Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы (𝟏 − 𝟒 т. ) ∗ 𝟓𝟎%� + � 𝟏 − 𝟒 тоқсанның ЖБ нақты балы 𝟏 − 𝟒 тоқсанның ЖБ макс балы ∗ 𝟓𝟎%� Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады. Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады. 37,6% + 42,5% = 80,1% Дөңгелектелген мәні 80% тең Баға Негізгі мектептегі балдың пайыздық мазмұны «2» 0- 39% «3» 40% - 64% «4» 65% - 84% «5» 85% - 100% Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %, – «4» деген баға. «Математика» пәнінен 5-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет