Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет11/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Есту түйсігі

Көз секілді, есіту түйсігі де адам өмірінде үлкен роль атқарады. Есіту рецепторына тітіркендіргіш болатын- ауаның толқындары. Ауа толқыны деп оның белгілі ритммен бірде ауаның тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Бұл толқындар дыбыс шығаратын заттан әр тарапқа жайылып, тарай береді. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі болады.


Есту түйсігі дыбыс шығаратын заттың периодикалық тербелуінен де, периодикалық емес тербелуінен де тууы мүмкін. Тұрақты жилікпен периодикалық шайқалудан туатын дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Бұған, мысалы, ән айту, музыкалық аспаптардың, камертонның дыбыстары жатады. Тұрақсыз жилікпен, периодикалықсыз шайқалудан туған дыбыстарды шулы дыбыстар деп атайды, дыбыстың мұндай түріне түрлі сықырлар, сыбдырлар, тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға болады.
Есіту түйсігінің адам әрекетінде атқаратын жұмысы жан-жақты. Бұл рецептор арқылы адам кеңістікте дыбысты белгілі затпен байланыстырады. Дыбыстың бағытын анықтайды. Есіту рецепторы арқылы сөздердің мазмұнынан дәл, дұрыс түсіну, оны біреуге айтып беру мүмкіншілігіне қолымыз жетті. Тіл – есіту анализатордың дамуына күшті әсер етті, ана тілінің дыбыс құрамындағы нәзік айырмашылығын ажырату адамның жас басынан қажетіне айналды. Есіту түйсігін тәрбиелеуді баланың жас кезінен бастаған жөн. Ол үшін баланың құлағын дәрігерге қаратып тұру орынды. Балаларды өзіне жақынырақ отырғызу, мектепте алдыңғы парталардан орын беру, олармен сөйлескенде сөздерді нақышына келтіріп айтуға, зейін қойып тыңдауға әдеттендіру керек. Құлағы нашар еститін балалардың ақыл-ойының дұрыс дамымауы, көңілінің көтеріңкі болмауы, сабақты үлгермеуі мүмкін. Оларға ерекше жағдай туғызу орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет