Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік


Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар



бет25/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Қабылдаудағы бақылау және бақылампаздық.
(Реферат дайындау)


8-тақырып: Ес процесі
Сабақтың жоспары:
1.Ес туралы түсінік, физиологиялық негіздері;
2. Ес туралы теориялар;
3.Естің түрлері.

Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл күйлерін ойда сақтап қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша нерв байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырада, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысып кездестіргенде, бұрынғы болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды. Өз қасында жоқ кісінің образы еске түседі.


Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады: бұрын оқыған кітабымызды көрсек болды, оны танимыз. Оқыған кітабыңды көргенде оның мазмұны, образдары немесе конфликтісі еске келеді. Қабылдаған нәрсенің есте қалғаны -естің материялы, есте сақталып, қайта жаңғыртылғаны-естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны-сөзбен айтылған материал. Адамның өзінің, басқа кісінің ойы, бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану-естің процестері.
Естің адам тіршілігінде, іс-әрекетінде алатын орны үлкен. Адам естің арқасында еп пен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, ақыл өрісін кеңітеді. Ой еңбегі де, дене еңбегі де білімге, еп дағдыға сүйеніп, естің көмегімен іске асады. Есте қалдырып отырған нәрсенің аты сөзбен аталғанда, уақытша нервтік байланыс тек нәрсенің образдарының арасында ғана жасалып қоймайды, сөздердің арасында да жасалады. Адамның барлық психика құбылыстары сияқты, ес те өмір тәжірибесінде еңбек әрекетінің жағдайында қалыптасқан адамның жеке басының өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Кісінің нені есте қалдырып, нені қайта жаңғыртатыны өзіне керекті өмір жағдайымен байланысты. Есте қанша ұстайтыны, қандай жеңілдікпен еске түсіріп, қалай танитыны адамның мақсат-мүддесін, игі-қызығына, бейімділігіне, әдетіне, нені қажетті, нені бағалы деп қадірлейтініне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет