Лекциялық материалдың мазмұны



бет9/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,24 Mb.
#776
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2.Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға қалай тарады? Осы мәселені қарастырып көрейік. Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға VIII ғасырда тарай бастады. Оның осы өңірге кеулей еніп, бұл елдердің халықтарын өз ықпалына алуы білектің күші, найзаның ұшымен іске асырылғанын айту керек.

Орта Азия мен Қазақстанда жұрттың санасына бұған дейін христиандық дін, буддизм, шаманизм, иудеизм, зороастризм діндері үстемдік етті. Сонымен бірге бұл тұста оларда ғылым мен мәдениеттің ұрығын шашкан ірі-ірі қалалар болды. Бұл қалаларда музы-калык, керамикалық өнер, жазу, сызу кеңінен дамыған болатын. Оны дәлелдейтін археологиялық қазбалардың сенімді мағлұматтары аз емес. Ш ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендейтін халықтар бірыңғай, біртұтас, ажырағысыз, бүтіндіктен кетіп, бірнеше ұсақ хандықтарға бөлініп, бөлшектеніп, бір-біріне төуелсіз өмір сүріп жатты. Соғд, Хорезм, Саманид, Қараханид хандықтары, Сақтар одағы, Дешті-Қыпшақ мемлекеттері, тағы тағылары өз алдына, дербестік жағдайда болды. Бір-бірімен алакөз болып, ауыздары бірікпей, өзара жанжалдар шығарып, соғысқа дейін барып, бір-бірін әлсіреткен кезде оларды жаулап алуға араб басқыншылары келді. Жергілікті халық ерлікпен қарсы шығып, ұзақ уақыт табанды күрес жүргізді. Бірақ жан-жақты дайында-лып, жасанып келген арабтарды тоқтата алмады. Олар көшпелі түріктерді, Соғд тұрғындарын бағындырып, Хорезм жеріне баса-көктеп кірді. Басқыншылар қаланы ойрандап, қарсыласқандарды қырып, хорезмдегі кітапхана, мектептерді өртеді. Араб әскерлерінің қолбасшысы Кутейба Ибн Муслим өз әскеріне халқы бас имеген қыстақтарды жойып, олардың адамдары мен мүлкіне, толық қожалық етуге ерік берді. Сөйтіп өзбектің көрнекті ғалымы Бируни жазғандай: «Кутеи-ба Ибн Муслим ал Бамехи Хорезмнің хат танитындарын қырып-жойып, дін қызметкерлерін өлтіріп, кітаптары мен бумаларын өртеткеннен кейін, хорезмдіктер мәдениеттен жұрдай болды, мүлдем сау-атсыз қалды, естерінде қалған мағлұматтармен күн көрді».

712 жылы Хорезмді бағындырғаннан кейін арабтар ішке қарай кеулей басқа діндердің, мәдениеттің ескі жұрнақтарын, ескерткіштерін қиратып жойып жіберді. Храм, шіркеулерді бұзып, орнына мешіттер салдырды. Жергілікті халықтың басқыншылыққа қарсылығы күшті болды. Жүз жылға созылған олардың қарсылығын басып жаншып Таяу Шығысты, Орта Азия мен Түркістанды, Солтүстік Африка мен Испанияны жаулап алған басқыншылар бұл елдердің халқын арабтандыруға күш салды. Оңтүстік Қазақстанның Отырар қаласы көптеген ірі ғалымдардың, тамаша ойшылдардың отаны болды.

Казақстанның Х-ХІ ғасырларда Сырдария жағалауындағы бой көтерген Сайрам, Сығанақ, Түркістан, Талас, Шу өзендері бойындағы Тараз, Баласағын, Мерке т.б. сияқты қалаларға ислам діні өз ықпалын жүргізе бастады. Арабтар «фараб» деп атаған Отырар қаласының тұрғындары арасында ислам діні кеңінен насихатталды.

Дей тұрғанмен, Қазақстан халқы мұсылман дініне ұзақ уақыт бой ұсынған жоқ. «Карапайым қазақтарды мешітке қамшының күшімен айдау жиі болмаса да кездесіп қалады» деп жазды Мекер.

Орта Азия мен Казақ даласында ислам дінін таратуға патша өкіметі мүдделі болды. Мұсылмандарды көнбістікке, бағыныштылыққа тәрбиелейтін ислам дінін қазақ даласына тарату отаршылдық саясатын қарсылык, наразылықсыз жүргізуге көмектеседі деп есептеді орыс отаршылдары.

Сонымен бірге, оның ислам дінінің шығу тарихын білгені, жалпы дін туралы түсінігінін болғаны да лазым, осыған орай біз ислам дінінің тарихына қатысты осы жазба-ларды назарға ұсынып отырмыз.

3. Қазақтың ұлы зиялыларын сөз еткенде алдымен Шоқан, Абай, Ыбырай, сондай-ақ Бөкей ордасынан шыққан Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты ислам діні қазақ даласына кеулеп еніп келе жаткан XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, казақ халқының тарихын зерттеп зерделеуге үлкен үлес косқаны, мәдениетіміз бен рухани өміріміздің ұлағатты ұстаздары саналатын адамдарды атаймыз. Олардан қалған өшпес рухани мұралардың арасында Ислам діні жөнінде айтылған пікірлері, көзқарастары бүгінгі ұрпақтың назар аударуына, елеп-ескеріп жүруіне әбден тұрарлық деректер болып табылады.

Шоқанның еңбектерінен оның Ислам дінінің тарихын жөне оның қазақ жеріне қалай тарағанын жете білгенін аңғару қиын емес. Ол мұсылманшылықтың орнығуын өз шығармаларында аса бір білгірлікпен талдайды. Шоқан өз басы діндар болмаған, тіпті дін туралы түсініктерден жоғары тұрған жөне діни таным-сенімге сын көзбен караған адам. Оның рухани бет-бейнесі, қоғамдық ой-санасы қалыптасып келе жатқан кезде қа:зак жеріне Ислам діні әлі тарап кеткен жоқ болатын. «Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Қазақтардың арасында әлі Мұхаммедтің атын білмейтіндер көп... Қасиеттт Нестор заманында Русьте болған сияқты, енді біздің сахарада да қазір қос дін дәуірі болып жүр», - деп жазды ол.

Расында, Шоқан тұсында Ислам дінін таратуға патша өкіметі, жергілікті ел билеушілер «сондай-ақ, қожа-молдалар тарапынан орасан мол күш-жігер жұмсалып жатқанмен, ол әлі қазақ жеріне қанат жайып үлгермеген еді.

Ислам дінінің қалай тарағанына назар аудара келіп Шоқан оның қазақ жеріне үш жақтан оңтүстіктен, солтүстіктен, батыс беттен енгенін айтады. Оны насихаттауға Ираннан, Орта Азиядан және Қазаннан шыққан қожа-молдалар ат салысты. Әсіресе, татар молдалардың белсенділігі күшті болды. Осы пікірді Шоқанмен тұтас өмір сүрген, Бөкей ордасынан шыққан қазақтың зерделі зиялылардың бірі Мұхамбет Салық Бабажанов та айтады. Ол өзінің «Северная пчела» деп аталатын журналда 1860 жылы қараша айында басылған мақаласында татар молдаларының ислам дінін Ішкі Ордада таратудағы еңбегіне тоқтала келіп, оның күнгей жөне көлеңкелі жақтары болды дейді.

Оның күнгей жағы деп жалпы татар молдаларының қазақтарды парсыша, арабша, сондай-ақ татарша жазуға үйретуінің игі әсерлерінің болғанын айтады. Сонымен бірге Мұхамбет Салық Бабажанов олардың қазақтарды татарландырып жібере жаздағанына да назар аударды.

Шоқан қазақтардың ой-санасын діннің кандай да бір түрінен аман сақтауды қалады. Ол туған халқының діни фанатизмге салынбай, салиқалы, салауатты өмір кешкенін көргісі келді. Діннің адамды сіреспе жаттандылықка ұрындыратынын, ой-өрісін шектейтінін кемеңгерлікпен көре білді. Шоқан арқылы орыстың көптеген зиялылары қазақтың қадір-қасиетіне қанықты. Оның жан дүниесін терең бойлап түсінді. Шоқанмен қимас дос болып, онымен кездесу, жүздесу сәттерін үнемі аңсап жүретін, оны жоғары бағалаған ғалымдардың бірі Григорий Потанин еді.

Шоқанның дін жөніндегі көзқарастарын қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин жақсы білді. Ыбырай да Шоқан сияқты қазақ халқының тарихы мен тағдырына мықтап көңіл бөлді. Ыбырай ұлы ағартушы болды. Егер оған дейін қазақ жерінде мұсылман мектептері арқылы діни оқу өріс алса, Ыбырай азаматтық мектептер ашып, онда қоғам дамуының, әлеуметтж өркендеудің, тұрмыс-тіршіліктің қажетін өтейтін ғылым негіздерін оқыту ісін жолға қойды. Математика, физика, география, азаматтық тарих сияқты пәндердің оқытылуын іске асырды. Сөйтіп, қазақтан өркениетті, зиялы азаматтардың қалыптасуына жол ашты. Ол ұйымдастырған 14 мектепті бітірген жүздеген жастар казақ даласына білім ұрығын септі.

Ыбырай қазақ мектептерін үйымдастырушы ғана болған жок, сонымен бірге ол мектептерге арнап оқулықтар, методикалық құралдар жазып бастырды. Осындай оқу құралдарымен жабдықталған жаңа мектептердің қанат жаюы діни оқу орындарының бірыңғай үстемдік етуіне тосқауыл болды. Бұл молдалардың арабша оқытудағы өрескелдіктеріне казақтан шыққан азды-кем көзі ашық зиялылар жаны түршіге қарсы шықты. Шоқан да, Ыбырай да солардың катарында болды. Бабажанов Мұхамбет Салық Петербург, Мәскеу, Орынборда шығатын басылымдарда жарық көрген мақалаларында молдаға барып діни окуға ден койған балалардың төрт жыл оқып қара танымай шыққанын қатты кынжылып жазады. Ыбырай өзінің кейбір әңгімелерінде татар молдаларының жемқорлығы туралы айтады.

Ал Абайдың түсінігінде адам - ақылдылык, еңбек сүйгіштік, әділдік пен адалдык, білімділік, парасат пен махаббат сияқты қасиет иесі. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген, ары, ұяты бар кісі - иманды адам. Үят кімде болса, иман сонда, ұяты жоқ адамда иман да болмайды, - дейді Абай. Сондықтан ол әр адамның иманы түзу болу керек дейді. Ол: жақсылықты, жамандықты жаратқан құдай, бірақ жақсылык, жамандықты қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып, сеніп соны ақылыңмен ұғып иманыңды түзесең, сөйтіп барып мұсылманшылык парызыңды өтеп ғибадат қылсаң, сол жарасымды дейді.

Абай Ислам дінінің тарихын да жақсы білген. Оның «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген жазбасында арабтардың дінді қазақ жеріне білектің күшімен, найзаның ұшымен таратқанын, араб әскерлерін бастап келген Кутайбаның Қашқарға дейін жетіп, Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтарды мұсылман дініне зорлықпен көндіргенін айтады. Абай ислам дінін насихаттаудағы, уағыздаудағы дүмшелікті жаны түршіге сынайды. Оның адамгершілікке тигізетін орны толмас зияны туралы ашына жазады. Бүл жөнінде оның 38-сөзін оқып көріңізші. Жалпы Абайдың мұсылманшылық жөніндегі түсінігі көп адамнан басқа, әлдеқайда терең. Ол алла тағаланың өсиеттерін өзіндік сипатпен, өркениетті көзқарас тұрғысынан түсінеді. Оны саналы түрде ұғыну үшін оның 10,12, 13, 16, 27, 34, 35, 36, 38 қара сөздерін зерделеп оқу керек. Жалпы Ислам дінін қабылдап, мұсылман боламын деген әрбір қазақтың ол діннің тарихын, ол дін жөніндегі қазақтың қайталанбас ұлылары - Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың рухани мұраларын біліп, түсініп, солар сілтеген жолмен жүріп білімді, ғылымды игеру арқылы дінге барғаны дұрыс болады. Өйткені, Абай айтқандай, ғылымсыз ақірет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза (ораза), қылған қажы (қажылық) ешбір ғибадат орнына бармайды.



Бақылау сұрағы:

  1. Ислам діні қалай пайда болған?

  2. Ислам діні қалай Қазақстанға тарады.

  3. Қазақ зиялыларының дін туралы көзқарастары.

Әдебиет:Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15

19-20. Тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ мәдениеті.



Мақсаты: ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін көрсету, халық ағарту ісінің жағдайын сипаттау.

Жоспары:


1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі.

2. Халық ағарту ісінің жағдайы.






1.Төңкерістен бұрыңғы әдебиетте көркем аударманың шебер үлгілерін қалдырған Абай, Ыбырай болса, сол кездегі «Түркістан уалаяты» газеті мен «Дала уалаяты» газетіінде басылған аудармалардың көркемдік сапасы жағынан құнды аудармалар тууына себін тигізгенін атап өту керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ тіліне аударыла бастаған ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың шығармаларын солардың қатарына жатқызуға болады. Л.Н. Толстой «Ясная Полянада» өзі ашқан мектепте орыс шаруаларының балаларын оқытумен шұғылданған болатын. Соған байланысты педагогика саласында оқу құралы ретінде 1872-1875 жылдары «Новая азбука», «Русские книги для чтения» деген оқулықтар шығарды. Солардан және ұсақ әңгіме, мақал-мәтел, ертегі, нақыл сөздерден аударылып, «Дала уалаяты» газетіінде басылған Л.Н. Толстойдың «Ұзақ пен көгершін», Бұғы мен қарақаттың сабағы, «Бұғы», «Қоян», «Өтпес пышақ», «Мұжық пен жасауыл», «Құмырсқа мен көгершін», «Арыстан, һәм қасқыр мен түлкі», «Сурат кофейнасы», т.б. шығармалары түп нұсқаға сай келетін, тілі жатық, жақсы аудармалар болды.

ХІХ ғасырдың басынан бастап татар баспаханаларынан шығып, қазақ арасына тараған ислам дінін уағыздайтын кітаптармен бірге шығыстың классикалық әдебиет нұсқалары да ел ішінде кең тарады.

Бұл шығармалардың көбінің сюжеті араб аңыздары неігізінде болды, оларға жалпы адамгершілік, сүйіспеншілік мәселелерін қазақ топырағына лпйықтап, жаңа арнамен қайта жырлау оларды жұртшылыққа түсінікті етті.

Шығыстың классикалық әдебиетінен келген аңыз-әңгімелерден кейбір үзінділер, халық арасына кең тараған нұсқалары сол кезде шығып тұрған қазақ газет-журналдарының бетінде үзбей басылып тұрды. Олардың арасында «Мың бір түн», «Шахнама», «Фархат-Шырын», «Ескендір» т.б. шығыс әдебиетіне көп тараған әңгімелердің әр түрлі нұсқалары, Абайдың «Ескендір» поэмасы да бар еді. Ескендірді басқа ел ақындары да жырлаған болатын.

Македония патшасы Александр Македонскийдің шапқыншылық мақсаттарын мадақтаған дастандардың ішіндегі көренектілері – азербайжан халқының ұлы классигі Низамидің «Искандернаме» поэмасы және өзбек классигі Новаидің «Садди Искандерий» поэмасы болды. Ал тәжіктің ұлы ақыны Фердауси өзінің «Шахнама» поэмасында Македонскийдің ерліктерін мадақтап, жеке-жеке тараулар берді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз еткенде олардың ішіндегі ең ірісі, ең өнімдісі де, өзектісі де деп Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты есімдерді, ел білген, орасан зор ойшылдығымен танылған тамаша тұлғаларды ауызға аламыз.

ХҮІІІғ. аяғы – ХІХ ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кекзде қазақ әдебиетіндегі бұрыңғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнына жеке поэтикалық шығармашылық басты. Ақындар өздерінің өлеңдер мен жырларында өмірдің нақты шындығына үңіліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленеді. Олардың ішінен поэтикалық зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арсынан жауынгер аық Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Оның көптеген шығармалары 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісен арналды. Махамбет – көтерілістің жалынды жаршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр ретінде көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол өзінің ұран іспеттес жауынгерлік жырларымен көтерілісшілерді рухтандырып, жігер беріп отырды. Сондықтан Махамбеттің өлеңдері халық-азаттық көтерілісінің қуатты жауысы және ұраны болып табылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармалармен тығыз танымал болағн Нысанбай, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан бақтыбай, Марабай, Өспе, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың өрнекті ақындары Шортанбай, Дулат, Мұрат, Орынбай, Шөже, Біржан, ЗЖамбыл, Майкөт, Әсет, т.б. өлең-жырлары өздерінің терей мазмұнымен жұртшылықты тәнтті етті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Ұлбике, Айсұлу, Манат, Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.

Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Ақан сері, біржаг сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра – бүгігі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.

Қазақтың жазба әдебиетінің неігізін салушы – Абай Құнанбаев (1845-1904) артында өлеңдер, дасмтандар, қара сөзбен жазылған ғақлиялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шыармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Халыққа жат қулық-сұмдықты залымдықты шенеді. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды надан молдаларда жек көріп, әшкерелеп отырды. А. Құнанбаев әр адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолы ең алдымен еңбекте, тек еңбек қана материалдық және рухани игілікке жету құралы деп білді. Еңбекші бұқараның өмірін жақсарту жолдарын ол егіншілікті, қолөнерді және сауданың дамытумен тығыз байланыстырды. Абай жас ұрпақты ғылым мен білімді үйренуге, адалдыққа, имиандыылыққа шақырды. Ол ғылым мен білімнің қоғам үшін маңызын ашып көрсете келіп, бұлардың «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтықпен» сыйыспайтынын ерекше атады.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының саяси өмірі де жарық жұлдыздай көзге түскен, әмір-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген А. Байтұрсынов (1893-1938), Ж. Аймауытов (1889-1931), М. Жұмабаев (1893-1938), М. Дулатов (1885-1935) сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар ту ралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Бес арыс» жинағын атауға болады.

Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың «Қырық мысалы» қазақ тілінде шықты. «Маса» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ахмет Байтұрсынов «Алаш» партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталған.т Оның еңбектерінің дені тілге байланысты , сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілген.

Қазақтың Пушкині аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мұхтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулықққ сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейді. Ол қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі аса биік тұлғалардың бірі. Сондай ірі тұлғалардың қатарына Жүсіпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Ірі драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдері көп бұл әдебиетшіні де халық қатты қастерлеп сүйіп оқыған.Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Әдебиеттегі осы сияқты алыптардың өнегесімен, күрестің қызып жатқан күндерінде ұйымдастырылған «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдарда көркем шығармалар, жатық жарияланымдарымен көрінген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.

Бақылау сұрағы:

Әдебиет: Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15
21-22. Тақырыбы: XIX және XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты: Алғашқы мерзімдік басылымдармен таныстыру, этномәдени экспансияның мәнін ашып көрсету, тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясатын ашып көрсету.

Жоспары: 1.Халық ағарту ісі және Қазақстандағы ғылыми зерттеу

2. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы



1.XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалықк тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі, астрономия, медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды. Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды. Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.

Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, коғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, казақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ кыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.

XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды. Кейінірек мұғалімдер семинариялары Актөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға дейін небәрі 300 қазак мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін оқытушы кадрларымен жеткілікті камтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде бір институт немесе университет болмады.

Ресей мемлекеті Қазакстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлыктарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, казақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П. С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайык, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойынша П. С. Паллас 1773 жылы өзінің «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» -деген еңбегін жариялады. 1769-1772 жылдары Н. Рычков патша өскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазак өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсак даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсі-руде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ қалаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңы-зы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жакты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ жөне басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Доб-ромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.

Еліміздің мәдениеті мен қоғамдык ой-пікірінің тарихында қазақтың тұнғыш ғалымы, аса көрнекті демократ зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ кұрметті орын алады. Оның қоғамдык-саяси, ғылыми жөне әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шокан 1856-1857 жылдары Алатау кырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды. 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оньщ қазак халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шокан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

Шоқанмен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен өлкеге кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, казақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланыстыры туралы негізгі деректер жүйеге келтірілген. Сонымен қатар Семей бөлімшесінде Ж. Ақбаевтың, Ө. Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә. Бөкейханов Орыс географиялык қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі жөне Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.

Қазақстан туралы ғылыми материалдардың қомақты қорын жасауда XIX ғ. екінші жартысында өлкенің облыстарында кұрылған Статистика комитеттері едәуір рөл атқ-арды. Статистика комитеттері 1878 жылы Ақмола, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария, 1895 жылы Торғай, 1896 жылы Орал облыстарында ашылды. Олардың жұмы-старына Ресейдің орталық аймақтарынан революциялык қызметтері үшін айдалып келген халықшылдар белсене араласып, көп күш жұмсады. Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, тұрғындар жөне олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту жөне т. б. туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет