Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет27/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Шомшек Даулет АНАТОМИЯ.docx, 1
Жоғары жүйке әрекетінің топтары 
 
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, 
сыртқы ортадан алған мағлұматын,мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің 
топтары
деп жинақтайды. 
И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 
қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы. 


10 
Қозу мен тежелудің 
күші
деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен 
тежелудің 
теңдігі
деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің 
алмасуы
деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу 
болуы мүмкін. 
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 
тобын ажыратады: 
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ. 
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ. 
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ. 
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, 
тежелуі басым. 
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың 
айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара 
қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), 
сангвиник (сангвине - қан), Флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт). 
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик. 
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник. 
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик. 
4. Әлсіз топ – меланхолик. 
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет