8
4-тақырып. Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.
Жоғары
дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы
байланысты ең алғаш Платон,
Гиппократ секілді
алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық
әрекеттердің рефлекторлы
табиғатын орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми
түрде түсінік берген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде
дәлелдеген және дамытқан
орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам
мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Достарыңызбен бөлісу: