Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет45/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар
раскраска2, Жасузак Асылзат
Эндокриндік бездердің
өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап 
мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін 
гормон 
(грек.гормо – іске 
қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, 
организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін 
реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. 
Ішкі секрециялық бездерге: гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без, 
бүйрек үсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады. 
Ұ йқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі сыртқы және ішкі секрециялық бездердің 
де қызметін атқарады.
Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:
- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм); 
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара 
алмайды; 
- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді. 
Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады. 
Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда 
гипосекреция
(грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде 
гиперсекреция
(гипер – артық, жоғары) 
байқалады. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп 
төндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет