Лекцияның мақсаты: Студентке философия ұғымы туралы ғылыми түсінік беру. Мифология


Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырды



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата31.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#130300
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырды

Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы. 



Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы ілім. 

Поэтикалық бөлім - шығармашылық туралы ілім. 

Ғылымның зерттейтін нәрсесі жалпылық болуы керек деп есептейді Аристотель. Жалпы, 

ақыл арқылы танылады. Бірақ, жалпы сезім арқылы қабылданатын жалқы арқылы өмір 

сүреді және сол арқылы танылады. Жалпыны танудың шарты: Индукциялық қорытындылау. 

Ол өз ретінде сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес. Аристотель 4 себепті мойындайды. 1-себеп 

-материя, ол - қалыптасудың пассивті мүмкіндігі. 2-себеп - форма (түр), ол - мәндік болмыс, 

материядағы мүмкіндіктің шындыққа айналуы. 3-себеп - қозғалыс бастауы. 4-ші себеп – 

мақсатық себеп. «Табиғат, - Аристотель айтуынша, - бұл материядан формаға өтудің бірінен 

кейін бірі келіп отыратын тізбегі». Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал 

активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай 

қозғалыстың формасы болмасын, қайнар көзі - құдай деп білді. Құдай объективтік сипатта 

болды. Аристотельдің формалды логикасы болмыс туралы ілімімен және ақиқат 

теориясымен тығыз байланыста болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет