Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы


Сарыарқа:” Солтүстік Қазақстанның



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

Сарыарқа:” Солтүстік Қазақстанның 
даласы және көлдері “
деген атаумен 
Қорғалжын
және 
Наурызым
мемлекеттік табиғи 
қорықтары тіркелді. Мұның өзі еліміздегі аты аталған табиғи қорықтардың қайталанбас 
табиғат байлықтарының Әлемдік маңызы бар екендігін дәлелдеп отыр. Бұл өңір туралы 
ЮНЕСКО-ның сарапшыларынан құралған комиссия бірнеше жыл қортынды пікірлер 
дайындады. Ал, ЮНЕСКО-ның бас төрағасы Коичиро Мацуура 2006 жылы арнайы келіп 
Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесін өз көзімен көріп, бұл өңірдің баға жетпес табиғат 
байлықтарының әлемдік деңгейде қорғалуы қажет теңдесі жоқ екендігін мойындады. 
Қазіргі кезде елімізде ЕҚТА қатарына жататын 10 мемлекеттік табиғи қорық, 11 
мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ,, 4 мемлекеттік табиғи резерват, 49 мемлекеттік табиғи 
қорықшалар (7 кешенді, 10 ботаникалық және 32 зоологиялық,), 26 табиғат ескерткіштері, 
5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық бақ,, З зоологиялық саябақ, 127 геологиялық, 58 
геоморфологиялық және 19 гидрологиялық нысандар бар. Өлкеміздегі ЕҚТА-дың жалпы 
жер көлемі 22 млн. гектардан асады, бұл көрсеткішреспубликамыздың жалпы жер 
көлемінің 8 пайызға жуық үлесіне сәйкес келеді. Мұның өзі әлі де болса елімізде ЕҚТА-
дың аз екендігін көрсетеді. Өркенниетті елдердің көпшілігінде бұл мәселеге ерекше көңіл 
бөлінеді. Мысалы, Германияда жалпы жер көлемінің-31,5 пайызы, Нидерландыда-26,2 
пайызы, АҚШ-тың-15,8 пайызы, Жапонияның-14 пайызы, Ұлыбританияның -10,5 пайызы 
ЕҚТА-дың үлесіне сәйкес келеді. 
Соңғы кезде біздің елімізде де ЕҚТА-дың жер көлемін арттыруға арналған ізгілікті 
шаралар қолға алынуда. Мысалы, бұрынғы Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық 
қорықшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 ақпан 2007 жылғы №109 арнайы 
қаулысымен “
Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерваты
” деген мемлекеттік 
мәртебеге ие болды.Оған мемлекеттік жер қоры есебінен 763549 гектар жер бөлінді.Бұл 
мемлекеттік табиғи резерват Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында орналасқан.Оны 
ұйымдастырудағы басты мақсат бүкіл Торғай,Ырғыз және Арал аймағының экологиялық 
жүйелерін сақтап қалу және қорғау болып саналады. 
ЕҚТА-дың ең басты тобына қазіргі кезде әлемдік маңызы бар деген мәртебеге ие 
болған Қорғалжын және Наурызым табиғи қорықтары жатады. 
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі санаты- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет