Лекцияның сұрақтары: Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті



бет1/6
Дата21.05.2020
өлшемі108,52 Kb.
#70152
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 тақырып


1 тақырып. Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы
Мақсаты: Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерін және ресурстардың шектеулігі мәселесі мен оларды таңдау қажеттілігін қарастырып, микроэкономикадағы негізгі ұғымдарды меңгеру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті.

  2. Ресурстардың шектеулігі мәселесі және оларды таңдау қажеттілігі.

  3. Нарық туралы түсінік. Нарық субъектілері.

  4. Позитивті және нормативті талдау. Модельдер

Лекцияның мазмұны:

Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті.



Микроэкономика — экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы экономикалық субектілердің іс-әрекетін зерттеп, олардын жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Субъектілердің экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: кажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұлардың өзара байланысы төмендегідей.


Қажеттіліктер




Ресурстар


технологиялар


өнімдер

қолданылуы



Бұдан :

«Қажеттілік» бойынша — не өндіреміз?

«Ресурстар және технология» бойынша — қалай өндіреміз?

«Өнімдер және қолданылулар» бойынша - кім үшін өндіреміз? деген экономикалық проблемалар туындайды.

Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп айтамыз.

Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды. Бүған экономикалық субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-әрекеттер (қызметтер) жатады. Экономикалық субъектілер - бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына жетуі тиіс.

Зерттеліп отырған экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекетін - олардьң белгілі бір шешім қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да боладьі. Қазіргі кездегі микроэкономикалық теория шешім қабылдау процесіне көп көңіл бөліп, зерттеуге бағытталған.


Экономикалық субъектілер 2 түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін:




бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту)

олар өнідірушілер

1 2

және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану

олар тұтынушылар



Бұлардың экономикалық қызметтерінің объектісі - игіліктер


Игілік - кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және түтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады




қызметтер




тауарлар


тұтыну игіліктері


өндірістік ресурстар


Сонымен микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердін, экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз
Микроэкономикалық зерттеулер бірнеше іргелі алғышарттардан туындайды:

1. экономикалық атомизм : микроэкономика өздігінен шешім қабылдап, соны іске асыратын экономикалық бірліктерге көп көңіл аударады.



2.экономикалық рационализм - экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы.

Экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе білу болып есептеледі.

Бұл жерде пайда - экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар - экономикалық субъектілердін осы пайдаға қол жеткізу жолында жүмсаған игіліктері болып табылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.

Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ақша түрінде табыспен көрсетуімізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығы экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.

Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі қосымша түсім мен қосымша шығындарды да салыстырады.

Шекті (қосымша) түсім > шекті (қосымша) шығыннан болса,

шекті (қосымша) пайда оң сан болады.

Шекті (қосымша) түсім = шекті (қосымша) шығын болса,

шекті (қосымша) пайда ең жоғары деңгейге жетеді де,

сонда ғана рационалды (тиімді) субъект өз мақсатына жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет