Лексикография теориясы


Басқа ғылымдармен байланысыӨңдеу



бет2/4
Дата03.06.2020
өлшемі21,91 Kb.
#72171
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (9)

Басқа ғылымдармен байланысыӨңдеу


Лексикографиялық жұмыста грамматика мен стилистиканың атқаратын қызметі зор. Сөздіктерде сөздерге әртүрлі сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографилық теорияның тіл білімінің әртүрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеология), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатыстылығы келіп тұрады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз, ең алдымен, мағыналық жақтан талданып, анықталады. Осыдан сөздің мағынасын, мағыналық түрлерін, қарастыратын семасиологияның лексикография теориясымен тікелей байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге грамматикалық мінездеме беру де қажет болады. Сөздердің грамматикалық тұрғыдан қандай лексико–грамматикалық топқа, яғни сөз табына, қатыстығы сөздікте тиісті белгілер арқылы көрсетіледі. Сөздік құрамының белгілі бір стилге тән, соған телінген сөздер де болады. Осыдан сөздіктерде ондай сөздердің қай стилге тән екендігін аңғартатындай берлгілер берудің қажеттілігі келіп туады. Мұның өзі тілдің лексикасының стилистикалық жақтан дифференсациялануын зерттеп, лексикадағы стильдік топтар мен тармақтарды айқындаудың нәтижесінде ғана іске асады. Осы мағынада стилистика да лексикографиялық теорияда көмекші қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет