Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің!



бет2/2
Дата07.06.2020
өлшемі24,31 Kb.
#72559
1   2
Байланысты:
ж.жабаев ленинградтық өренім

=Ундасынов.

            Бұл құжат соғыс жылдарында ел Үкіметін басқарған, яғни, ең ауыр кезеңде Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған Нұртас Оңдасыновтың айтқан бір әңгімесін тірілтіп тұрды. Дәлелімізді толықтыра түсу үшін өзі жазып кеткен естелікті қайта бір қарап, оқып шықтық. Естелігінде ол былай депті:

           «- Неміс басқыншылары Ленинградтықоршап алды. Сыртпенбайланыс үзіліп, 90 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық-түлік, киім-кешекті бораған оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді.Содан бұл соқпақ-«өмір жолы» деп аталыпкетті.

             Қазақстан тез арада ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл сәлем-сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының № 31 шахтасының кеншісі Түсіпов өз атынан хат жолдады. Ол өз хатында қазақ халқының сый-сияпатын ақ ниет пен берік достықтың нышаны деп білерсіздер деп жазды.

            Менің көкейімнен материалдық көмекпен қоса қоршауда қалған қала жұртшылығына моралдықкүш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау кетпейқойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отрысында айтып едім, көпшілік қолдады. «Сөз анасы –сәлем» демейме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең-Жамбыл Жабаев түсті.

           Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамдарды ертіп Жәкеңнің аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдарыелеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге қарай жүрдік.Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда жатқан ақ басты Алатауға қарап қойды да, ишарамен «үйге жүріңдер» дегенді білдіріп, өзі жол бастады.

            Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы,оның айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын қағып-қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр.Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты…

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

……………………………….

Шамы Күндей жайнаған,

Аспанға үйлер бойлаған…

Арқа тұтып алыста,

Айбыным деп ойлағам!

Жабықпағын Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап қол барар

Қорғап сені ол қалар.

Жанышталар айдаһар!

Жата алмаймын төсекте,

Жаным қалай жайланар?

Құс ұйқылы көнемін,

Қайтып ұйқы көремін,

Жетсін деймін сендерге,

Жыл құсындай өлеңім,

Қаласында Лениннің,

Сайып қыран өренім…

 

           Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық. Қуанышымыз шексіз.



           Тез арада Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс ақындары аударды. Артыншақарағандылық кеншілер хатын,Жамбыл өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем-сауқатты алып Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті.

           Жәкеңнің өлеңі көп кешікпей Бүкілодақтық радио арқылы оқылды, сан мәрте плакат болып басылып, қала көшелеріне ілінді. Сол кезді көзімен көрген көрнекті орыс жазушысы, публицист Всеволод   Вишневский «Правда» газетіне былай деп жазды:

            «…қалаға тез тараған плакаттанЖамбыл ақынның «Ленинградтықөренім» өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып қайта- қайта оқыдық. Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық. Алыста жатса да арқа сүйер тірегіміз барына қуандық.»

            Ағынан жарыла айтылғанбұл сөздің құдіреті Жәкең жырында,жыр құдіретінде жатқанын түсіндік. Және орыс әдебиетінің аса ірі өкілдерінің бірі Николай Тихонов Жамбылды – «Ақындар атасы» деп атағанда өз халқына деген адал пейіл, таза жүректі бағалағаны болуы керек. Шынындада «Ленинградттық өренім» дегенбір ауыз сөздің өзінде қаншама жылылық, нағыз жанашырлық пейіл жатқан жоқ па?! Жәкең өлеңі тоңғандарды жылытты, қажығандарға әл берді, зұлым жауға қарсы бітіспес күреске шақырды. Соғыс түнегіне көмілген ұлы қаланың зеңгір аспанында найзағайдай ойнап, қыспаққа алған жауға сес көрсетті…».

             Бұл Қазақстан Үкіметін ең ауыр жылдарда (1938-1951) он үш жыл басқарған, күш пен қайратын, білім мен парасатын тек қана халқына, оның болашағына   арнаған адал азаматтың артында қалған сөзі. Біз бұны қолымыздағы қолжазба-құжаттар арасынан кезіктірдік. Қарап отырсаңыз ол «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуына себепкер болғанын, яғни, «сәлем сөз» – арнау арнайық деген идеяның өзінен туғанын мақтан етіп отыр. Сонау бір жылдарыбізге баяндаған әңгімесінен де осы сарынды, осы сезімді аңғарған едік. Мынау Мемлекеттік Мұрағаттан табылған телеграмма осының бәрін, яғни, шын болған оқиға екенін дәлеледеп тұр. Несі бар, мақтанса мақтанарлық іс, ұлы идея. Адамдарды осылай достыққа, бауырмалдыққа шақырып, қиындықта жаныңа жылылық құйып, рухыңды көтеретін жақсыидеялар жан-жақтан туындап жатса, «Соғыс!» деген суық сөз жер бетін кезбес еді-ау. Амал қанша, қазіргі адамзатқа жетіспей тұрғаны да осы- бауырмалдылық, жанашырлық, қамқорлық. Дәрменсіздіктен «амал қанша?» дейміз де қоямыз. Амал қанша…

            Жырдың мәні мен маңызын талдап жатудың қажеті жоқ, өйткені ол барша Кеңестік кеңістікте мойындалған, марапатталған, жақсы жыр болып таралып кеткен.

             Негізінде Жамбыл Жабаев пен Нұртас Оңдасынов арасында әке мен балада ғана болатын ерекше бір құрмет пен сыйластық болыпты.Бұны көзімен көргендер айтады,барынша баяндайды. Жамбыл жырау Нұртасқа лауазымы биік бастық деп қарамапты, жасы кіші  інідей, әзілін көтерер құрбыдай санапты. Тіктеп атын атамай «Қоңырат бала» деп қана атапты. Үкімет басшысы болса «Жамбыл Жәкем» деп таныпты. Қараңызшы, бір ауыз сөзде жәкемнің оған дегенжүрегінің жылуы, өзіне жақын тартқан, жақын ұстағысы келген пейілі ақтарылып-ақ тұрған жоқ па. Ал, Нұртас Оңдасынов бізге «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылу тарихын баяндай отырып, сөз арасында: «естеріңде болсын, қазақтың бар тарихы жыраудың жырында, жадында жатыр…» деген ді. Қазір ойлап қарасақ ол Жамбыл жәкесін және арғы-бергідегі ақын-жырауларды айтып отыр екен ғой. Ол соғыс қайнап жүріп жатқанына қарамастан-ақ жер-жерде жатқан  ЖамжыраулардыҮкімет тарапынан  арнайы шақыртып, жырларынқағазға, үндерін үн таспаға түсірткен екен. Бұл мәліметті бізге академик Рахманқұл Бердібаев айтқан ды. Ұлтын ұлықтаған адамның, басшының ұлы әрекетін көреміз бұдан. Тағы да сол соғыс жылдары- 1943 жылы Республикалық ақындар айтысынұйымдастырудың да ұйтқысы болған осы Оңдасынов екен. Жүрегінен жарып шыққан идея болғандықтан болар бұл шара- ақындар айтысы хақында Нұртас Оңдасынов тебірене толғайтын:

               «…халық жаппай сауаттанабастаған кезде суырып салмаайтыс тек көшпелі, сауаты жоқ халықтарға тән дәстүр деген жаңсақ пікір пайда болды. Соның салдарынан ауызекі айтыстардың         бағасы төмендей келе, кейбір түрлері, тіпті ұмтылып та кетті…

              Ұлы Отан соғысы жылдарында айтыс өткізудің өзіндік маңызы болды. Газет-журнал аз шығып, оның өзі жалпы халыққа жетпей жатты. Майдандағы жағдайды олар білмеді. Майдан даласындағы және елдегі ерлікке пара-пар келетін тіршілікті көрсетіп, айтып,

елдің бір рухын көтеру болды мақсатымыз…

              Бұл кездейсоқ шара емес еді. Өйткені, айтыс ақыны- халықтың даналығын бойына сіңірген, адамның жан жүрегіне көркем сөзбен жол таба алатын, ойы сергекнағыз өнерпаз ғой…

              Бірінші орын алған Жамбыл жәкеме түйе, екінші орын алған ақтөбелік ақпа ақынНұрпейіс пен қарағандылық Доскей, Шашубайға ат мінгізіп, Оңтүстіктік Орынбайақынға құнан беріліп, ұлттық дәстүр бойынша жол-жоралғы жасалды…»

             Соңғы жылдары Жамбылға «саясаттың құлы болған, партияны,оның көсемдерін жырлаған» деп, сын айтып, мін тағушылар шығып жүр. Әлқиса, дұрыс делік. Сталин мен Ежовқа өлең арнасаол Жамбылдың емес, жазушы Жұмабай Шаштайұлы айтқандай, сол кездегі идеологтардың кінәсі. Сайқал саясаттан хабары жоқ, көмекшілердің түсіндіруінше айналаның бәрі жақсы жандар, барар болашағымыз гүлденген коммунизм болатын болса, Жамбыл сонда қалай-қалай жырлауы керек еді? Кейде жан-жақты таразыламай,тарихи жағдайлармен есептеспей біреудің басына қара майды құя салу әдеті бар бізде.

            Кінәмшілдер Жамбыл жәкемнің жасының тоқсанға келіп жүзге иек артқан жасымен,білім-сауатымен санасар ма екен? Кедейлік пен жоқтықтың әбден дәмін татқан Жамбылға Коммунистік партия шын мәнінде әкелік қамқорлығын аямадыемес пе?! Басына баспана салып берді, астына машина алып берді, күтетін дәрігері мен өлеңін қағазға түсіретін көмекшісін қосып қойды, тағысын тағылар…Мұны дәлелдейтін құжаттар Мемлекеттік Мұрағатта тұнып тұр. Шындығына келсек, мұндай қамқорлық (қазіргі өнер, мәдениет, әдебиет адамдарына көрсетіліп жатқан «қамқорлықты» айтпай-ақ қояйық) хан сарайындағы ақынға да көрсетілмеген шығар-ау. Қыруар қамқорлықты көрген Жамбыл жәкемнің қарекеті қалай болмақ сонда? Аспен атқанды таспен ату, жақсылықты жамандыққа айналдыруЖамбыл бойында болмаған.

              Қанша жерден тапсырыспен жазылған деп Жамбыл жыраудыжазғырсақ та «Ленинградтық өренім» өлмейтін өлең. Себебі, қаншама халықтың жүрегіне жол тауып, жанына жылылық, бойынакүш-қуат құйған жыр бұл. Дәлелдей кетейік. Сол күндердің сын сағатында сыналған, «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ленинградтықорғағаны үшін» медалінің иегері қарағандылық кенші ВасилийБазановтың былай дегені есімізде:

             «-…иә, мен сол күндері, ленинградтықтардың қоршауда қалған кезінде совет адамдарының нағыз достық, ынтымақтастық көңілдерін көзіммен көрдім. Оның бәрін сөзбен айтып жеткізу қиын маған. «Өмір жолы» атанған Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен келген азық-түлікті күн демей,түн демей, бораған оқтың астымен аштыққа ұшыраған қала халқына жеткізіп тұрдық. Әсіресе, қазақстандықтардың артықшылығы, олар жылы киім-кешек, ас-ауқатпен қоса руханиазық болатын жыр – ЖамбылЖабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін қоса жолдапты.Шынын айту керек, жырдың әсері алапат болды. Күн сайын радиодан сан мәртеқайталап, плакат болып басылып, көшелерге ілінді. Оны жылап тұрып, жапырлап тұрып оқып тұрған ленинградтықтарды көргенде өзіміздің де көңліміз талай босаған. Осындай жырдыжазған кемеңгер Жамбылмен жерлес екенімді жауынгерлер ортасында мақтана тұрып талай-талай айтқам-ды. Тіптен кейбір жауынгерлер бұл өлеңді тез-ақ жаттап алып, айтып жүрді. Дана жүректен, шын достық көңілден туған жыр құдіреті осындай-ақ болса керек…»



            Шын сөз, мойындау деген осы! Біле білсеңіз, қазірдің өзінде осы жырды оқысаң –ақ болды, бейбіт күннің самалы есіп тұрған тұс болса   да көңіліңіз әжептәуір толқып, көмейіңе бір нәрсе келіп кептеледі. Кеңестік кезеңнің жақсы бір дәстүрі- «халықтар достығы» деген  сөздің мән мен мағынасын, шынайылығын осы жыр арқылы жүрегіңмен сезінесің. Біздің мақсатымыз осындай жақсы жырдың тууына бастамашы, әрі ұйтқы болған Қазақстан Үкіметін абыроймен, артына жаман сөз қалдырмай он үш жыл басқарған Нұртас Оңдасынов екенін айтып, бүгінгі жасқа үлгі ету ғана…

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет