«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп


Екінші Lesson Study-ды талқылау, үшінші Lesson Study-ды жоспарлау



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#120855
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
000796a5-e1861acc

Екінші Lesson Study-ды талқылау, үшінші Lesson Study-ды жоспарлау.
Екінші Lesson Study барысында В деңгейіндегі оқушы Аймұрат Гүлайым ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін байқатты. Ол өзінің еңбексүйгіштік қасиетін көрсете білді. Топ сенімін ақтай алатындығына барлығының көзін жеткізді. Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше роль атқарды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлаудың бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация секілді дағдыларын шебер қолдана білді.

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. С деңгейіндегі оқушы Аманқос Мирас сабаққа белсене қатысты. Кубизм әдісі бойынша берілген тапсырманы дұрыс орындап шығып, жобаны қорғады. А деңгейіндегі оқушы Абай Диляра өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Қандай сұрақ қойса, тез жауап беріп тапсырманы тез орындап отырды.
Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.
Бұл кезеңде екінші Lesson Study-де жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, олар түзетілді. Әр оқушының ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу секілді мәселелер үшінші Lesson Study-де қамтылуы керектігі айтылды. Бұл пікірлер үшінші Lesson Study өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.
Үшінші нәтиже сабақ: « Орыс тілі мен әдебиеті» Пән мұғалімі: Илесбаева З. Тақырыбы: «Обособленное приложение».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет