Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі337 Kb.
#119925
  1   2   3   4   5   6   7



«Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы мен және
Сарыкөл бастауыш мектебі мен коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
2020-2021 оқу жылы






Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Сарсамбаева Г.Ж


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс


Жоспар



  1. Үлгермеушіліктің негізгі себептері

  2. Үлгермеушілікті болдырмаудың әдістері мен түрлері

  3. Оқушының оқу үлгеріміне әсер етуші жағдайлар

  4. Оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың технологиялық картасы

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары ірі реформалар мен өзгерістер орын алып отыр. Білім сапасына қойылатын талап күшейіп, оқытудың жаңа технологияларына бет бұрған кезде, оқушының оқу үлгерімін жақсарту, оның оқуға қызығушылығын арттыру мәселесі туындайды.
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде сабақ үлгермеушілік себептерін талдауға көп орын бөліп келеді. Арнайы педагогикалық қазіргі күндегі жетекші парадигмаларының бірі – гуманизация. Ал ХХ ғасырда еңбек еткен Ы.Алтынсарин шығармаларында педагогикалық, гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке мейірімді болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақты принциптерінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ғалымның атақты Хрестоматиясында жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеген.
Дегенмен жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда сабақ үлгермеушілік проблемасы әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл проблеманы зерттеу мұның себебі мен нашар оқитын оқушылардың жекелеген типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Үлгерімі нашар оқушыларды зерттеу барысында үлгермеушіліктің мынадай үш категориясын қарастыруға болады:
1-категорияға оқушының барлық пәннен бірдей ұзақ уақыт үлгермей оқудан жалпы және кенжелеп қалып қоюын жатқызамыз.
2-категорияға сабақты ішінара негізгі пәндерден үлгермейтін оқушылар жатады.
3-категориядағы оқушылар сабаққа анда-санда ғана үлгермейді.
Бұл мәселені психологиялық жағынан қарастырсақ, сабақ үлгерімі төмен оқушыларды мынадай 5 топқа бөлуге болады:

  1. Оқуға деген көзқарасы дұрыс емес балалар.

  2. Материалды қиналып ұғатындар.

  3. Сабаққа дайындалу әдеті қалыптаспаған оқушылар.

  4. Еңбектене білмейтіндер.

  5. Білуге және оқуға құштарлығы жоқ оқушылар.

Сабаққа үлгермеудің себебі көп. Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық –гигиеналық нормалардың бұзылуында. Үлгемеушіліктің негізгі себептері мыналар:



  • жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісі дәрежеде талап етпеуі;

  • үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау;

  • мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы;

  • тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың тәртібінің төмендігі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақытылы және тиісті шара қолданбауы;

  • бағалаудағы біржақтылық;

  • оқыту мен тәрбие үрдісіндегі сабақтастықтың болмауы;

  • сабақ босату, оқушының ауырып қалуы, т.б.

Отбасы жағдайында психологтың ойынша оқушының үлгермеу себетері мыналар:



  • ата-ана мәдениетілігінің аздығы, педагогпен байланыстың жоқтығы;

  • отбасындағы сәтсіздік;

  • балаға талап қою бірлігінің жоқтығы;

  • отбасында бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы;

  • Балаға дұрыс қарым-қатынас жасамау;

  • білім алуға баланың дайындығының жоқтығы;

  • баланың жалпы дамуының жетілмеуінен, аурушаңдығынан.

Үлгерімін жақсарту бағытындағы жұмыстарға мыналар жатады:



  1. Отбасында бала тәрбиесіндегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруі.

  2. Ата-ананың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жоғарылату.

  3. Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналарды белсенді түрде араластыру.

  4. Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын бақылау.

  5. Баланың жағымды және жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ата-анаға жеке кеңес және көмек беру.

  6. Сыныптағы оқу тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру.

  7. Сыныпта ізгілендіру қарым-қатынасын алға қоя отырып, шағын топтарда қолайлы жағдай жасау.

  8. Балаға жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

  9. Балаға психологиялық зерттеу жасау және қажетті психологиялық көмек көрсету.

  10. Жеке жұмыс барысында интеллектуалдық, адамгершілік, еркіндік, көңіл күй сезімдерін қалыптастыру.

  11. Оқудағы жағымсыз ынталарының туу себептерін анықтау.

  12. Оқушының қызығуын, бейімділігін негізге ала отырып дамыту.

Мұндай жұмыс түрлері оқушыға үлгерімін жақсартуға көмектеседі. Оқушыны жақсы, орта, төмен деп бөлмей, оларды тұлға ретінде қалыптастыруға психологпен, әлеуметтанушымен, медбикемен жұмыс ұйымдастыру керек.


Әлеуметтік педагогтың ойынша, үлгерімі жақсы оқушының әлеумет жағдайын тексере отырып, үлгерімі төмендеп кетпеуі үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргізу керек: 1) жеке әңгімелесу; 2) ата-анамен сұхбаттасу; 3) мадақтау арқылы баланың ынтасын арттыру.
Үлгерімі және әлеуметтік жағдайы төмен оқушылармен жұмыс барысында психолог, әлеуметтанушы, сынып жетекшісі мына мәселелерге көңіл бөлгені жөн. Яғни, баланың жеке басын мадақтау арқылы ортада өзін еркін сезінетіндей нәтижеге жеткізу керек.
Ата-ананың ойынша, мұғалім мамандығы өте қиын. Сондықтан баланың біліміне, тәрбиесіне басты жауапкершілік ата-ананың мойынында екенін сезінуі керек. Ең бастысы, баласының үлгерімін жақсарту үшін ата-ана мектеппен тығыз байланыс жасауы тиіс.
Сынып жетекшісі ойы да ата-аналар пікіріне сәйкес келеді. Өйткені, оқушылардың үлгерімін жақсарту үшін пән мұғалімдерімен, ата-анамен тығыз байланыс қажет. Әр оқушының оқу үлгерімін жақсарту үшін үнемі бақылау керек.
Мектеп психологтарының бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді соған қысқаша тоқталсақ, ең алдымен, психологтар мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтар сипаты) Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер, семинар, тренингтер өткізілуі тиіс. Олардың тақырыптары: «Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру», «Үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті», т.т. бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып, пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет. Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі.
Мұғалімнің үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу мақсаттары: нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім, білік, дағдыларының жағдайын және сыныптарындағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекетін талдау.
- кадрларға мінездеме беру, аты-жөні, білімі, педагогикалық өтілі, кәсіби біліктілігін көтеруі;
- нашар үлгеретін оқушылардың білім, білік дағдыларының жағдайы;
- нашар үлгеретін оқушылардың саны және олардың білім олқылықтарының есебін жүргізу.
Үлгермеушілікті болдырмаудың әдістері мен түрлері:

  • бірінші жарты жылдық барысындағы мұғалімнің қойған бағаларын және олардың нормаларға сәйкестігін талдау (бақылау жұмыстарын, оқушылардың дәптерлерін, журналдағы, күнделіктердегі бағаларды талдау);

  • мұғалімнің сабақ барысында үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмысының түрлері (сыныптағы және үй жұмыстарының саралық сипаты, қателерінің алдын алу);

  • қателермен жұмыс жүйесі және оқушылардың жадынамаларымен саналы түрде жұмыс істей білу;

  • оқушылардың үлгермеушілігіні болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекеті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет