Нашар, жақсы үлгеретін оқушыларды бақылау түрлері.
Сабақтағы бақылау бағдарламасы. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі. Сынып оқушыларына төмендегідей сұрақтар қойылады:
сыныпта достық қарым-қатынастар жағдайы жасала ма?
тақта алдында жауап беру кезінде оқушыларға көмекші құралдар қолдануға рұқсат етіле ме?
тақырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріле ме?
оқушылардың үнемі қайталанатын қателеріне назар аударыла ма?
оқушылардың жауабын көтермелеу тәсілі қолданыла ма?
жетістікке жетуге жағдай жасала ма?
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде:
Нашар үлгеретіндерге жаңа тақырыпты баяндау жылдамдығы қиындық туғызбай ма?
Жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіле ме?
Мұғалім нашар үлгеретін оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін анықтап ескере ме?
Тақырыпқа қызығу туғызатын техникалық, т.б. құралдар қолдана ма?
Нашар үлгеретін оқушылар әңгімеге тартыла ма?
Жаттығу кезінде:
Өз бетімен жұмысқа арналған жаттығулар дұрыс таңдалды ма?
Нашар үлгеретіндерге өз бетімен жұмыс кезінде көмек көрсетіле ме?
Оқушылардың қабілеті ескеріле ме?
Өз бетімен жұмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдыланған ба?
Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде:
үй тапсырмасының көлемі сол сыныпқа сай ма?
Үй тапсырмасына қатемен жұмыс енгізілген бе?
Мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіре ме, кездесер қиындықтар жөнінде ескерте ме?
Нашар үлгеретін оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған ба?
Білім берудің қай сатысында болмасын оның негізгі көрсеткіші – сапасы. Осыны ескере отырып, жинақталған іс-тәжірибелер мен әдіскер, ғалым-ұстаздардың зерттеулерін негізге ала отырып оқушылардың оқу үлгеріміне, біліктілігіне әсер ететін негізгі жағдайларды қарастыра отырып, төмендегі сызбаны құрастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |