№125 бұйрыққа енгізілген өзгерістер (2019ж. 26.11.№509)
9(10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық мектептердің 9(10) сынып білім алушылары және мектептердің 11(12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындайды.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.
9(10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.
9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау
№125 бұйрыққа енгізілген өзгерістер (26.11.2019ж. №509)
Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5"деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы