Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы МҰРЫН ҚУЫСЫН КҮТУ



бет40/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы
МҰРЫН ҚУЫСЫН КҮТУ


Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.

  4. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның

ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қарыңыз.

  1. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы

қимылдармен мұрын жолдарына еңгізіңіз.

  1. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркага

залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

  1. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап

қысып, сығыңыз.

  1. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз

және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз ( қатып қалған қабыршықтар болған кезде).

  1. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын

жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.

  1. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

  2. Қолғапты шешіңіз.

  3. Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет