Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ



бет68/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ
(тюбиктен, шыны таяқшамен)
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1у/Ф).


Іс – әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін

алыңыз.

  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын

тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

  1. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқасты ыңғайлы жағдайда отырығызыңыз немесе жатқызыңыз,

басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.

  1. Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды

жағып алыңыз. Ол бүтін қалашаны жабу керек.

  1. Шыны таяқшаны самай жағынан бетінен көздің тесігіне қарай

жағыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз.

  1. Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен

кеңсірікке.

  1. Сол қолға дәке тмапонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз

және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттыстырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.

  1. Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын

сұраңыз.

  1. Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны

алыңыз. Сәл жабылған қабақтарын мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.

  1. Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз.

  2. Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.

  3. Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.

  4. Тюбикті көздің ішкі бұрышыныа ұстап, онан майды төменгі көздің

сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.

  1. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  2. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және

жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет