ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ҚОЮ
Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.
Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.
Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек және анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2. Науқасты кермемен қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).
3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.
7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың ІV және V саусақтарымен қысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.
8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.
10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған суднаға немесе латокқа салыңыз.
11. Жел шыққанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.
12. Науқастың хал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайын бағалаңыз.
13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.
14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.
15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
16. Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |