у, й,
айналма жолды
:
р, л, м, н, ң
деп бөледі де, соңғыларына мұрын жолды айналма:
м, н, ң,
ауыз
жолды айналма
:
р, л
дыбыстарын жатқызады. «
Сонорлардың шығатын
орнына, жасалу түріне, шығатын жолына қарай жіктелуінің бәрін бір
жерге жиып, таблицаға салсақ, мынандай болады
», – дейді Қ.Жұбанов:
69
Шығатын орындары
ерін
тіс
таңдай
көмей
Күрек тіс
азу
Шыға
тын
жолы
ауыз
у
-
-
-
-
л
й
р
-
-
мұрын
-
м
-
н
-
-
-
-
-
ң
тура ай
нал
ма
тура ай
нал
ма
тура ай
нал
ма
тура ай
нал
ма
тура ай
нал
ма
Құдайберген Жұбанов дыбыстардың физикалық ерекшеліктері жөнінде
де өз пікірін білдіреді: «
дыбыс болғанда (шыққанда) ауа бірде қоюлана, бірде
сирекси жан-жаққа толқиды. Бұдан келіп құлақ пердесі әрі-бері
қалтырайды. Ауа қоюланса, құлақ пердесі тартылады, ауа сиресе, құлақ
пердесі сыртқа тебеді
». Міне бұл нағыз ғалымның дыбыс табиғатын
эксперименталды
фонетика
саласы
пайда
болмастан,
заманауи
технологиялардың көмегінсіз сезімталдықпен аңғарғандығын айғақтайды.
Сондай-ақ дыбыстың күші, амплитудасы, жиілігі жайында да сөз қозғайды.
Демек, ғалым дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасымен қатар, олардың
акустикалық жағын да қарастырған.
Қазақ тіл білімі тарихында буын типологиясына сипаттама жасап, оның
құрылымы жөнінде алғаш жан-жақты зерттеу жүргізген Қ.Жұбанов деп ауыз
толтырып айта аламыз. Ол буын теориясын жасап, буынға анықтама беріп
қана қоймай,
«Буын жігін қалай табуға болады?»
деген мақаласы арқылы
ғылыми қауым әлі күнге бір шешімге келе алмай жүрген буын жігін анықтау
мәселесі жөнінен де батыл пікір айта білген. Ғалым буынның төмендегі
белгілерін атап көрсетеді: 1) дауысты дыбыссыз буын болмайды; 2) бір
буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды; 3) дауысты дыбыс жалғыз
өзі де буын бола алады; 4) бір буында үштен артық дауыссыз дыбыс
болмайды; 5) екі дауыссыз бір буында қатар келетін болса, дауыстының
соңынан ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді; 6/ сөз
ішінде дауыстыдан басталатын буын болмайды. Әр уақытта ортадағы,
аяқтағы буын дауыссыздан басталады.
Профессор Қ.Жұбанов буынның осы белгілерін ескере отырып, «буын
жігін оңай механик түрде» табуға болатынын да айтады. Ол үшін жазылған
сөздің дыбыстарын аяғынан бастап, дауысты дыбыстан соң келген
дауыссызды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір
70
дауыссыз тастап бөле береміз, сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады
дейді. Оның пікірлері сингармонизмге арқа сүйеп, буын жігін ажырату
жөніндегі пікірлермен ұштасып жатқанын байқаймыз.
Ғалым «жеке дыбыс жеке бөліп айтуға келе бермейтінін», дауыссыздар
мен сонорлар алдынан не артынан бір дауысты дыбыс қоспай, бөлек
айтылмайтынын және «дауысты дыбыс өзіне ерген дауыссыздары
сонорларымен бірігіп, бір үйір болып, өзге үйірлерден бөлініп тұратынын»
айтады. Буын фонологиялық бірлік десек, ал жекелеген фонемаларды бөліп
айтуымыз лингвистикалық талдаудың талабынан туындаған. Осы тұрғыдан
алғанда, ғалым пікірі буын теориясы заңдылықтарын дұрыс көрсете
білгендігін танытады (29). Ғалым: «
Сөзді бөліп-бөліп айту керек болғанда
үйірі-үйіріменен бөлсе, дыбыстары өзгермейді, үйірін бұзып бөлсе,
омыртқаны буынсыз жерден бөлгендегідей болып, сөздің дыбыстарының
бірі үзіліп, біріне артық дыбыс қосылып, қалпы бұзылады
<…>,
сөзді
дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс
үйірлерін буын дейміз
», – деп, фонетикалық бірлік ретіндегі буын
категориясына тұщымды да нанымды анықтама берген.
Қ.Жұбанов қазақ тілінде буынды құраған дыбыс санына қарай
бір
дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты
буындар болатынын,
дауысты дыбыстың бір өзінен тұратын буында дауыссыз да, сонор да
болмайтынын, бұл екі дыбыс бір буын құрамында бір-бірден болуы да, екі
сонор, бір дауыссыз болуы да мүмкін екендігін айтқан.
Қ.Жұбанов алғаш буын ішіндегі дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай
қазақ тілінде буынның алты түрі бар екендігін көрсетті:
1. Жалаң буын /Д-ы/;
2. Ашық буын /Дз/Ср + Ды/;
3. Жеңіл тұйық буын /Ды+Дз/Ср/;
4. Жеңіл бітеу буын /Дз/Ср + Ды + Дз/Ср/;
5. Ауыр бітеу буын /Ды + Ср + Дз/;
6. Ауыр бітеу буын /Дз/Ср + Ды+Ср + Дз/.
Профессор Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі буынды ішіндегі дыбыстарының
тізілу тәртібіне қарай топтастырушы алғашқы тұлға болса, бұл бағыттағы
зерттеулер кейінгі ғалымдар еңбектерінде жалғасын тапты. Түркі тілдеріндегі
буын бір буынды түбір сөздердің құрылысымен сәйкес келеді десек,
академик Ә.Т.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір барын анықтады.
Ол қазақ тіліндегі бір буынды сөздердің алты түрлі құрылымын /Г, СГ, ГС,
ГСС, СГС, СГСС/ көрсетеді.
Қазақ тіліндегі буын жүйесі тіліміздің негізгі заңдылықтарының бірі
сингармонизммен тығыз байланысты екендігін ешкім де жоққа шығара
алмайды. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы сингармонизм
заңдылығы деп атап айтпаса да: «Қазақта сөз екі түрлі: бір түрі – жуан,
екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады,
жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады», – деп (30),
тіліміздің өзіндік ерекшелігін атап көрсетсе, Х.Досмұхамедұлы: «Қазақ-
71
қырғыз тіліндегі сөздің түбірі сингармонизм заңына бағынатыны анық», –
деп, оған жалғанатын қосымшалар да түбірдің ыңғайына бейім
жалғанатынын айтқан болатын (31, 84).
А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі сингармонизмге бағынбайтын
қосымшаларды алғаш атап өтсе, Қ.Жұбанов оларды жан-жақты талдап, жуан-
жіңішке түрлерін айырып, жазылу ерекшеліктерін анықтап көрсеткен.
Қ.Жұбанов: «
Түбір дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үндесу
бағыты екі түрлі: бірінде – түбірдің соңғы дыбысының, не соңғы буынының
ауанына қарай, қосымша дыбыстары өзгереді; екіншісінде – қосымша
дыбыстарының ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді. Алдыңғысын
Достарыңызбен бөлісу: |