121
жақтың теңдігі туады. Кейде бұл екі жақтың бірі басым болады
(
ала бер,
тайға таңба басқандай, әй!
).
Бұл мысалдардың алғашқы екеуінде лексика
жағы басым болып кеткен де, соңғысында синтаксистік жағы – хабар беру
жағы – басым болып кеткен
». Біздің пайымдауымызша, ғалым бүтін деп
синтаксисті, яғни сөйлемді меңзесе, бөлшек ретінде лексикалық бірліктерді
қарастырған деп ұғынуға негіз бар.
Профессор Қ.Жұбановтың лексика мен синтаксистің байланысына
қатысты жасаған сызбасын, ойларын тереңірек зерделей келсек, олардан
сөйлеудің туу механизмі жайлы ой қылаң беретіндей. Қ.Жұбанов мынадай ой
тұжырымдайды: «
Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сөздер
жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға
жанасым тауып үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралған
сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бөлшек емес. Сөйте тұра, олар құрамды
бөлшек болып барып материал болып тұтас ой туғызатындықтан, жеке
сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі дейміз
». Ғалым
К.Қ.Садирова ғалымның бұл ойын: «Байқап отырғанымыздай, сөз – бүтін,
бүтін бола тұрып хабар беруші бөлшек. Хабар (синтаксис) – бүтін, лексика –
бүтін, сондай-ақ құрамды бөлшек. Үйлесім табушылар тобы – тіл
деңгейлері», – деп түсіндіреді (60, 205).
Лексика мен синтаксистің бір-бірімен тығыз бірлігі туралы ғалымның
мына ойы да аса маңызды: «
Достарыңызбен бөлісу: